Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 432 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 30 қазан N 1153

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру ісін сақтауға және дамытуға қаражат төлеудің 2002 жылға арналған ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 432 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 111-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру ісін сақтауға және дамытуға қаражат төлеудің 2002 жылға арналған ережесінде:
      11-тармақта:
      1) тармақшаның екінші абзацы "сәуірде" деген сөзден кейін "және қазан-қарашада" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшаның екінші абзацы "және қараша-желтоқсанда" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады