Мырғалымсай кен орнының кеніштерін реттелмейтін су басумен байланысты ықтимал техногендік сипаттағы төтенше оқиғаның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен "Кентаукеніштарату" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шахталарын су басуды болдырмау үшін пайдаланылатын электр энергиясының жеткізіліміне ақы төлеуге 100 (бір жүз) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі