Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1560 және 2002 жылғы 26 шілдедегі N 835 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 21 қараша N 1228

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүйесін жетілдіру мен дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1560 қаулысы ;
      2) "Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүйесін жетілдіру мен дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 835 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 262-құжат).

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады