Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 122 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 тамыз N 122а

 


     "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1

сәуiрдегi 


Z990357_


  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы

етеді:

     1. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң

республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын

бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы

N 122 


P020122_


  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

     1) көрсетiлген қаулының 2-қосымшасында:

     "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары"

деген 6-тармақта:

     5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

     "Азаматтық авиация комитетiнiң мамандарын оқыту:

     1) әуежайларды сертификаттау - 2 маман;

     2) авиакомпанияларды сертификаттау - 3 маман;

     3) авиация оқиғаларын тексеру - 2 маман;

     4) авиакомпаниялар экономикасы - 1 маман.";

     2) көрсетiлген қаулының 5-қосымшасында:

     "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары"

деген 6-тармақта:

     реттiк нөмiрi 6-жолдың 5-бағанында "- түбiн тереңдету (жер қазу)

бойынша жұмыстар - 110,4 мың текше м;" деген сөздер алынып тасталсын;

     7-тармақта:

     "1600,4" деген сан "1490" деген санмен ауыстырылсын;

     "- 10700 тонна көлемiнде түбiн тазалау жұмыстары" деген сөздерден

кейiн "флотты жөндеу, оның iшiнде, ағымдағы жөндеу - 83 бiрлiк, орташа

жөндеу - 9 бiрлiк, күрделi жөндеу - 2 бiрлiк;" деген сөздермен

толықтырылсын;

     3) көрсетiлген қаулының 6-қосымшасында:

     "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген

6-тармақта:

     5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

     "Құжаттарды әзірлеу:


 
       Азаматтық авиацияның жердегi және әуе кемелерi бортындағы техникасының аппаратурасын, эталондық үлгiлерiнiң стендтерiн метрологиялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық.
      Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында қолданылатын, тексеруге жататын өлшеу құралдарының тiзбесi.
      "Ресурстарды және әуе кемелерiнiң, авиа қозғалтқыштардың және олардың жинақтаушы бұйымдарының кәсiпорындарда қызмет ету мерзiмдерiн ұзарту тәртiбi туралы" нұсқаулық.
      Әуе кемелерiмен жолаушылар, теңдеме жүк және жүк тасымалдау ережесi.
      Қазақстан Республикасының Әуе Кодексi.
      Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы аса жеңiл авиацияға арналған әуеайлақтарын мемлекеттiк тiркеу ережесi және олардың жарамдылығын айқындау тәртiбi.
      Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында авиа отынмен қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдар туралы ереже.
      Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы авиациялық ЖЖМ және арнайы сұйықтықты қабылдау, сақтау, құюға беруге дайындау және сапасын бақылау ережесi.
      Қазақстан Республикасының авиациялық қауiпсiздiгi бағдарламасы.
      Қазақстан Республикасы әуежайларының жауапкершiлiгi аудандарында iздеу және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бойынша үлгiлiк апаттық жоспар.
      Әуе кемелерiн ұшу алдындағы және арнаулы тексеру ережесi.
      Авиациялық қауiпсiздiк бойынша азаматтық авиация ұйымдарын сертификаттау ережесi.
      Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының ұшуларын iздеу және апатты-құтқарумен қамтамасыз ету жөнiндегi басшылық.
      Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында штурмандық қамтамасыз ету жөнiндегi тәлiм.
      Халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған ұшуларды ұйымдастыру және орындау жөнiндегi нұсқаулық.
      Ұшуды орындау мен әуе қозғалыстарын басқару кезiндегi фразеология және радиоалмасу ережесi.
      Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында экипаж мүшелерiнiң ұшу алдында медициналық тексеруден өту тәртiбi туралы нұсқаулық.
      Азаматтық авиацияның медициналық мекемелерiн сертификаттау ережесiн әзiрлеу.
      Азаматтық авиацияның авиациялық персоналдарын дайындауды жүзеге

 

асыратын оқу ұйымдарын, мекемелерiн сертификаттауды әзiрлеу.

     Әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдығын қолдау жүйесiне тәуелсiз аудит

жүргiзу ережесi.

     Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының қозғалысы қызметiндегi

әдiстемелiк жұмыс туралы ереже.

     Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы ұшуларды

радиотехникалық қамтамасыз етудiң жердегi құралдарын және электр

байланысты техникалық пайдалану жөнiндегi тәлiм.";

     4) көрсетiлген қаулының 7-қосымшасында:

     "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары"

деген 6-тармақта:

     реттiк нөмiрi 1-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

     "белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сараптамадан және бекiтуден өткен

жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс жұмыстарын орындау:

     1) арналық көпiрге жолдар:

     жер жұмыстары - 500 мың м3;

     жол бетiн салу - 8,1 км;

     2) арналық көпiр:

     жол бетiн салу - 495 қ.м.;

     3) жайылмалық көпiрдi салу - 1450 қ.м.";

     реттiк нөмiрi 2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

     "Белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сараптамадан және бекiтуден өткен

жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс жұмыстарын орындау:

     жер төсемiн салу - 986 мың м3;

     жол бетiн салу - 1028 мың м2;

     жасанды құрылыстарды жөндеу";

     реттiк нөмiрi 3-жолдың 5-бағанындағы "Құрылыс жұмыстарын орындау"

деген сөздердiң алдында "Белгiленген тәртiппен мемлекеттік сараптамадан

және бекiтуден өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес" деген сөздермен

толықтырылсын;

     реттiк нөмiрi 4-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "Белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сараптамадан және бекiтуден өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс жұмыстарын орындау:
      - жолдарды салу - 45 мың м3;
      көпiр бойынша құрылыс жұмыстарының 17%-ын орындау";
      7-тармақта:
      1) тармақша "Орал қаласы" деген сөздердiң алдында "Белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сараптамадан және бекiтуден өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "Белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сараптамадан және бекiтуден өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ұзақтығы 128 км "Астана - Бурабай" автожолы учаскесiн қайта жаңартуды аяқтау:
      жер төсемiн салу - 986 мың м3;
      жол бетiн салу - 1028 мың м2;
      жасанды құрылыстарды жөндеу;
      3) тармақша "Лениногорск қаласы - Алтай Республикасының шекарасы" деген сөздердiң алдында "Белгiленген тәртiппен мемлекеттік сараптамадан және бекiтуден өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшада:
      "Қызылорда қаласы" деген сөздердiң алдында "Белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сараптамадан және бекiтуден өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      "350" деген сан "45" деген санмен ауыстырылсын, "306 қ.м. көпiрдi салу" деген сөздер "көпiр бойынша құрылыс жұмыстарының 17%-ын орындау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) көрсетiлген қаулының 8-қосымшасында:
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      реттiк нөмiрi 2-жолдың 5-бағаны "СН2М НILL/ККА&А/РСI консорциумiне

;консалтингтiк қызметтер үшiн ақы төлеу" деген сөздерден кейiн "Мемлекеттiк сараптаманы өткiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) көрсетiлген қаулының 9-қосымшасында:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      реттік нөмiрi 2-жолдың 5-бағаны "JОG/WSА (Жапония) компанияларына консалтингтiк қызметi үшiн ақы төлеу" деген сөздерден кейiн "Алматы - Бурабай автомобиль жолын ағымдағы жөндеу және ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) көрсетiлген қаулының 10-қосымшасында:

 

     "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары"

деген 6-тармақта:

     реттiк нөмiрi 1-жолдың 5-бағаны "Негiзгi жабдықты сатып алу" деген

сөздерден кейiн "2 техникалық аудармашының қызметiне ақы төлеу" деген

сөздермен толықтырылсын;

     8) көрсетiлген қаулының 14-қосымшасында:

     "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген

6-тармақта:

     5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

     "27 км автожолдарды күрделi жөндеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу, оның

iшiнде:

     жолдарды жөндеу - 27 км;

     көпiрлердi жөндеу - 6 дана, 278 қ.м.;

     1559 км автожолдарды орташа жөндеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу, оның

iшiнде:


 
       қара төсенiштi кедiр-бұдырлы жол бетiн өңдеумен жөндеу - 1459 км

 

жолдарды қиыршық тасты төсенiшпен жөндеу - 100 км";

     7-тармақ қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

     9) көрсетiлген қаулының 16-қосымшасында:

     "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген

6-тармақта:

     реттiк нөмiрi 2-жолдың 5-бағаны "Нипон Коей (Жапония)/Консалт лтд./

"Қазжолжоба" ААҚ (Қазақстан) қауымдастығының консалтингтiк қызметi үшiн

ақы төлеу" деген сөздерден кейiн мынадай сөздермен толықтырылсын:

     "Екi техникалық аудармашының қызметiне ақы төлеу

     Келiсiм-шартқа сәйкес "Нипон Коей" (Жапония)/Консалт лтд./

"Қазжолжобалау" ААҚ (Қазақстан)" қауымдастығының үй-жайды жалдау ақысын

төлеу";

     10) көрсетiлген қаулының 27-қосымшасында:

     "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары"

деген 6-тармақта:

     5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

     "Жабдықтар мен әдебиетті сатып алу:


 
       1 компьютер, 1 телевизор, 1 бейне магнитофон, проекторға арналған 1 экран, 1 түрлi-түстi принтер, 1 көшiру аппараты, 30 флоппи дискета, 50 бейнетаспа, компьютер үшiн 1 үстел, проектор үшiн 1 үстел, сынып үшiн 45 офистiк орындық, кiтаптар үшiн 10 шкаф, оқу әдебиетi (500 дана), 10 көрнекi құралдар, 4 қосатын кабель, 1 сканер, 3 ноутбук.
      1 бейне проекторды сатып алу және орнату.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
      Сандық өлшем - қауiпсiздiктiң арнайы кабинетi - ахуалды бөлмесi үшiн жабдықтар мен әдебиеттi сатып алу және жарақтандыру:
      1 компьютер, 1 телевизор, 1 бейне магнитофон, проекторға арналған 1 экран, 1 түрлi-түстi принтер, 1 көшiру аппараты, 30 флоппи дискета, 50 бейнетаспа, компьютер үшiн 1 үстел, проектор үшiн 1 үстел, сынып үшiн 45 офистiк орындық, кiтаптар үшiн 10 шкаф, оқу әдебиетi (500 дана), 10 көрнекi құралдар, 4 қосатын кабель, 1 сканер, 3 ноутбук, 1 бейнепроектор.
      Сапалық өлшем - халықаралық нормалар мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының талаптарына сәйкес Азаматтық авиация комитетi авиа мамандарының кәсiптiк деңгейiн көтеру".
      11) көрсетiлген қаулының 28-қосымшасында:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жол техникасын сатып алу: - орташа гидравликалық автогрейдер - 86 дана, ауыр гидравликалық автогрейдер - 2 дана, жылжымалы битумқыздырғыш - 40 дана, бульдозер - 4 дана, тасымалдау үшiн тiркемесi бар өзi жүретiн дiрiлдi тығыздағыш - 60 дана, аспалы кескiш - 74 дана, магистральдық маркiлеу машинасы - 4 дана, жол шеберiне арналған микроавтобус - 17 дана, фронтальдi доңғалақты тиегiш - 32 дана, жеңiл доңғалақты тиегiш экскаватор - 2 дана, доңғалақты трактор - 41 дана, тракторы бар аспалы фреза - 40 дана, құм шашқыш - 12 дана, шұңқырқазғыш - 16 дана, шнекороторлық қар тазалағыш - 8 дана, жолдарды ұстауға арналған әмбебап машина - 13 дана, жылжымалы жөндеу шеберханасы - 15 дана, ауыр шынжыр табанды экскаватор, гидравликалық - 2 дана, дiрiлдi құрамалы тығыздағыш - 2 дана, қос уатқышты дiрiлдi тығыздағыш - 2 дана, статикалық пневмодоңғалақты тығыздағыш - 1 дана, асфальтбетон зауыты - 1 дана, текше түрлi қиыршықтас өндiру бойынша уатқыш қондырғы - 1 дана, өзi аударғыш автомобиль - 10 дана, пикап

 

автомобилi - 4 дана, зертханалық жабдық - 5 жиынтық, битумдық-эмульсиялық

қондырғы - 2 дана, дiрiлдi тақта - 4 дана, тiркемелi дәнекерлеу агрегаты -

15 дана, тіркемелі  сығымдағыш - 30 дана, өзі аударғыш автомобиль - 14

дана, асфальт төсегіш - 2 дана.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады