Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнiн бекiту туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 22 қараша N 1237

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнiн бекiту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының
қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының
мәтiнiн бекiту туралы

      "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнi бекітiлсiн.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2002 жылғы "__"_______ 
N___ Жарлығымен     
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының
қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының
АНТЫ

      Мен, Қазақстан Республикасының азаматы _____________________
                                          (тегі, аты, әкесiнiң аты)

қаржы полициясы органдарына қызметке кiре отырып:
      Қазақстан Республикасының халқы мен Президентiне адал болуға;
      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-қимылымда заңдылық және әділдік қағидаттарын ұстануға;
      маған жүктелген мiндеттерді жауапкершiлікпен әрi кәсiби түрде орындауға, қаржы полициясы органдары қызметкерi жоғары атағын қастерлеуге;
      азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерiн қорғау және елдің экономикалық қауiпсiздігін нығайту үшін күшiмді аямауға, қажет болса өмiрiмді қиюға;
      мемлекеттік және қызметтiк құпияны қатаң сақтауға салтанатты түрде ант етемiн.
      Егер мен өзiмнiң осы салтанатты антымды бұзсам, онда мен Қазақстан Республикасының заңдары бойынша қатаң жазаға тартылайын.

200__ жылғы "__"_____________          ___________________
                                            (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады