Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715
қаулысына
:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
ІҮ "Шығындар" деген бөлімде:
4 "Білім беру" деген функционалдық топта:
5 "Қосымша кәсіби білім беру" деген ішкі функцияда:
213 "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген әкімші бойынша:
010 "Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау" деген бағдарламада:
005 "Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру" деген кіші бағдарламадағы "2 153" деген сан "3 381" деген санмен ауыстырылсын;
030 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандарын оқыту" деген кіші бағдарламадағы "14 239" деген сан "13 011" деген санмен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 118
қаулысына
:
көрсетілген қаулыға 11-қосымшада 6-тармақтың кестесінің "Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанындағы "420" деген сан "480" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 17-қосымшадағы 5-тармақта "аумақтық органдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі