Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 25 қараша N 1251. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.02.27. N 238 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы автомобильдiк өткiзу бекеттерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:
      3-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы автомобильдiк өткiзу бекеттерiнiң тізбесiнде:
      3-тармақта:
      мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қapacy                     Жамбыл облысы";
      мынадай мазмұндағы он екiншi абзац:
      "Қapacy                     Жамбыл облысы" алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) осы қаулыдан туындайтын iс-шараларды жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi көп жақты қатынас үшiн "Қapacy" халықаралық өткiзу бекетiнiң ашылғаны туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетелдiк мемлекеттер өкілдiктерiнiң назарына жеткiзсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады