Словения Республикасының Президентi Милан Кучанның 2002 жылғы 22-24 қыркүйектегi Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi ic-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 27 қараша N 1262

      Словения Республикасының Президентi Милан Кучанның 2002 жылғы 22-24 қыркүйектегi Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру және қазақстан-словения ынтымақтастығын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Словения Республикасының Президентi Милан Кучанның 2002 жылғы 22-24 қыркүйектегi Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi ic-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) және мүдделi ұйымдар (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жөнiнде нақты шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жарты жылда бір реттен сиретпей Жоспардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметін хабардар етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2002 жылғы 27 қарашадағы
N 1262 қаулысымен    
бекiтілген       

Словения Республикасының Президентi Милан Кучанның
2002 жылғы 22-24 қыркүйектегi Қазақстан Республикасына
ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келісімдер мен
уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi
ic-шаралар жоспары

-------------------------------------------------------------------
N !          Іс-шара         ! Орындалу!      Орындау үшін
р/с!                          ! мерзімі !       жауаптылар
-------------------------------------------------------------------
1 !             2            !    3    !            4
-------------------------------------------------------------------
1   Қазақстан Республикасының   2003     Қазақстан Республикасының
    Үкіметі мен Словения Рес.   жылдың   Индустрия және сауда
    публикасының Үкіметі ара.   I жарты  министрлігі
    сындағы Сауда-экономикалық  жылдығы
    ынтымақтастық туралы
    келісімнің күшіне енуі
    жөнінде қажетті мемлекет.
    ішілік рәсімдер жүргізу

2   Мынадай құжаттардың
    жобаларын қол қоюға
    дайындау:
 
    Қазақстан Республикасының   2003     Қазақстан Республикасының
    Үкіметі мен Словения        жылдың   Индустрия және сауда
    Республикасының Үкіметі     ішінде   министрлігі
    арасындағы Инвестицияларды
    өзара қорғау туралы
    келісім
 
    Қазақстан Республикасының   2003     Қазақстан Республикасының
    Үкіметі мен Словения        жылдың   Қаржы министрлігі
    Республикасының Үкіметі     ІІ жарты
    арасындағы Қосарланған      жылдығы
    салық салуды болдырмау
    туралы келісім
    (келіссөздердің бірінші
    раундын жүргізу)
 
    Қазақстан Республикасының   2003     Қазақстан Республикасының
    Үкіметі мен Словения        жылдың   Көлік және коммуникациялар
    Республикасының Үкіметі     ішінде   министрлігі
    арасындағы Халықаралық
    автомобиль қатынасы туралы
    келісім

3   Сауда-экономикалық          2003     Қазақстан Республикасының
    ынтымақтастық жөніндегі     жылдың   Индустрия және сауда
    қазақстан-словения          ішінде   министрлігі, Қазақстан
    үкіметаралық комиссиясын             Республикасының Сыртқы
    құру                                 істер министрлігі

4   Өнеркәсіп және энергетика
    секторларындағы
    ынтымақтастықты дамыту:
 
    "Достық" және "Адрия"       2003     Қазақстан Республикасының
    мұнай құбырларын біріктіру  жылдың   Энергетика және минералдық
    жобасын және "Констанца-    ішінде   ресурстар министрлігі,
    Триест" мұнай құбырын салу           "ҚазМұнайГаз" ұлттық
    жобасын іске асыру                   компаниясы" жабық
    мүмкіндіктері мәселесін              акционерлік қоғамы
    пысықтау                             (келісім бойынша)
 
    фармацевтік өнеркәсіп       тұрақты  Қазақстан Республикасының
    саласындағы ынтымақтастықты          Денсаулық сақтау
    дамыту (Алматы қаласында             министрлігі, Қазақстан
    фармацевтік зауыт салу)              Республикасының Индустрия
                                         және сауда министрлігі,
                                         Алматы қаласының әкімі
 
    құрылыс және құрылыс        тұрақты  Қазақстан Республикасының
    материалдары өндірісі                Индустрия және сауда
    саласындағы ынтымақтастықты          министрлігі
    дамыту
-------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады