"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ауыл шаруашылығы мақсатындағы механикалық көлiк құралдарын және оларға тiркемелердi есепке алу, мемлекеттiк тiркеу және мемлекеттiк техникалық тексеру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 7 желтоқсан N 1289

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ауыл шаруашылығы мақсатындағы механикалық көлiк құралдарын және оларға тiркемелердi есепке алу, мемлекеттiк тiркеу және мемлекеттiк техникалық тексеру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне ауыл шаруашылығы мақсатындағы механикалық көлiк құралдарын және оларға тiркемелердi есепке алу, мемлекеттiк тiркеу және мемлекеттiк техникалық тексеру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының мынадай заң актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақстан Республикасындағы ауылды (селоны) және агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың басымдылығы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 13 ақпандағы Заңына (Қазақ KCP Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 8, 93-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 327-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат):
      5-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкілеттiк берген органның ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жол жүрiсiне қатысуға сындарлы түрде бейiмделмеген механикалық көлiк құралдарын және оларға тiркемелердi есепке алуды, мемлекеттiк тiркеудi және мемлекеттiк техникалық тексерудi жүргізу;";
      мынадай мазмұндағы IV-I бөлiммен және 23-1 және 23-2-баптармен толықтырылсын:
      "IV-I бөлiм. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жол жүрiсiне қатысуға сындарлы түрде бейiмделмеген механикалық көлiк құралдарын және оларға тiркемелердi есепке алу, мемлекеттiк тiркеу және мемлекеттiк техникалық тексеру
      23-1-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жол жүрiсiне қатысуға сындарлы түрде бейiмделмеген механикалық көлiк құралдары және оларға тiркемелер
      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жол жүрiсiне қатысуға сындарлы түрде бейiмделмеген механикалық көлiк құралдарына механикалық көлiк құралдары - тракторлар, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы машиналары, шассилер, механизмдер мен тiркемелер жатады. Сондай-ақ осы ұғым мелиоративтiк және жол құрылысы машиналарына да қолданылады.
      23-2-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жол жүрiсiне қатысуға сындарлы түрде бейiмделмеген механикалық көлiк құралдарын және оларға тіркемелердi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар
      1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы, сындарлы түрде жол жүрiсіне қатысуға бейiмделмеген механикалық көлiк құралдары және оларға тiркемелер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органында есепке алуға, мемлекеттiк тiркеуге және мемлекеттiк техникалық тексеруге жатады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы, сындарлы түрде жол жүрiсiне қатысуға бейiмделмеген механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн есепке алу, мемлекеттiк тiркеудi және мемлекеттiк техникалық тексерудi жүргiзу тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органы белгiлейдi.
      3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы, сындарлы түрде жол жүрiсiне қатысуға бейiмделмеген механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн оларды пайдалану кезiнде қауiпсiздiк техникасы ережелерiн сақтап басқаруға рұқсат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органы белгiлейдi.".

      2. "Iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат):
      10-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "18) жол жүрiсi ережелерiн және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты басқа да нормативтердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; мемлекеттiк тiркеу және есепке алу тәртiбiн айқындауға, сондай-ақ жеңiл, жүк тасушы автомобильдердiң және автобустардың, соған қоса олардың базасында жасалған арнаулы автомобильдердiң, мотоциклдер мен мотороллерлердiң, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелердi мемлекеттiк тiркеуге және есепке алуды жүргiзуге, оларды мемлекеттiк техникалық тексерудi жүргiзуге, оларды, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланушы адамдарды тiркеудi және олардың есебiн жүргiзуге, емтихан қабылдауға және оларды басқару және троллейбустар мен трамвайларды басқару құқығына куәлiк беруге, жол жүрiсiн реттеуге".

      3. "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат; 2001 ж., N 23, 338-құжат):
      18-баптың 3-тармағында:
      екіншi абзац "Механикалық" деген сөздiң алдынан ", Егер өзге заң актiлерінде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
      сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) егер өзге заңнамалық актiлерде басқаша көзделмеген болса, жол жүрiсiне қатысуға сындарлы түрде бейiмделмеген механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерi;".
      19-бапта:
      "көлiк құралдарын" деген сөздер "механикалық көлiк құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      "көлiк құралдары" деген сөздер "механикалық көлiк құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мемлекеттiк органында" деген сөздер "мемлекеттiк органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "органы" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады