Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2015 № 496 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесi Балқаш торабын ұстау және пайдалану тәртiбi туралы 1994 жылғы 14 желтоқсандағы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына қайтаратын зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесi Балқаш торабының жер телiмдерi мен мүлкiн қабылдап алу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Комиссия зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесi Балқаш торабының жер телiмдерi мен мүлкiн қабылдап алуды белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне оларды одан әрi пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 7 желтоқсандағы
N 1290 қаулысына
қосымша
Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына қайтаратын
зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесi Балқаш торабының
жер телiмдерi мен мүлкiн қабылдап алу жөнiндегi
комиссияның құрамы
Ахматов - Қазақстан Республикасы Қарулы
Иван Ыдырысұлы Күштерiнің әуе қорғанысы күштерi Бас
штабы бастығының орынбасары, төраға
Грибенщиков - Қарағанды аумақтық мемлекеттiк
Сергей Алексеевич мүлiк және жекешелендiру комитетi
төрағасының орынбасары, төрағаның
орынбасары
Шаймақов - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Ғали Нәжiмединұлы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз
Мемлекеттер Достастығы iстерi
жөніндегi комитетi Ресей және Еуропа
елдерi бөлiмiнің бастығы
Меньшаев - Қазақстан Республикасының Жер
Александр Васильевич ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
жерге орналастыру бөлiмiнiң бастығы
Аужанов - "Жылжымайтын мүлiк жөніндегi
Тимур Тұрсынұлы орталық" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны директорының Қарағанды
облысы бойынша орынбасары
Құсайынов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Тiлеухан Лұқпанұлы министрлiгінің "Қазарнайыэкспорт"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
коммерциялық басқармасының бастығы
Бегунов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Александр Иванович министрлiгiнiң "Қазарнайыэкспорт"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
әскери мүлiктi сату және әскери
объектiлердi жалға беру бөлiмiнің маманы
Рахымов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Қайрат Советұлы министрлiгiнiң Құрылыс және әскерлердi
пәтерлерге орналастыру бас басқармасы
есепке алу бөлiмiнiң бастығы
Алданияров - Қазақстан Республикасы Қарулы
Бекжан Жалауұлы Күштерiнiң Бас штабы Қару-жарақ
департаментiнiң бөлiмше бастығы
Нұрақаев - Қазақстан Республикасы Қарулы
Серiк Васильевич Күштерiнің Әуе қорғанысы күштерi
зымыран-артиллериялық қару-жарақ
қызметiнің бастығы
Гусельников - Қазақстан Республикасы Қарулы
Игорь Викторович күштерiнің әуе қорғанысы күштерi
байланыс және радиотехникалық
қамтамасыз ету басқармасының бөлiм
бастығы
Дупиков - Қазақстан Республикасы Қарулы
Владимир Николаевич Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерi
зымыран-артиллериялық қару-жарақ
қызметiнiң бөлiм бастығы
Семак - Қазақстан Республикасы Қарулы
Алексей Филиппович Күштерiнің Әуе қорғанысы күштерi
автомобиль қызметiнің аға офицерi
Коробков - Қазақстан Республикасы Қарулы
Виктор Васильевич Күштерiнің Әуе қорғанысы күштерi
байланыс және радиотехникалық
қамтамасыз ету басқармасы бөлiмiнің
аға офицерi
Мұхамбетов - Қазақстан Республикасының
Константин Бахтиярұлы Қорғаныс министрлiгi 14776 әскери
бөлiмiнің аға офицерi