Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мынадай мекен-жай бойынша: Көкшетау қаласы, Береговая көшесі, 107, орналасқан резиденциясы (бұдан әрі - Резиденция) республикалық меншіктен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Резиденцияның коммуналдық меншікке берілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі