Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi Қайрат Қуатұлы Әбусейiтовке Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасында Есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандум жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI МЕН АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ YКIМЕТI АРАСЫНДАҒЫ ЕСIРТКIНI БАҚЫЛАУ МЕН
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТIПТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА
ТYСIНIСТIК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
I. Жалпы бөлiм
1. 1992 жылғы 10 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң арасындағы Көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнің ("Келiсiм 1992") 5 бабына сәйкес, бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi, осы Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумды (бұдан әрі Өзара түсiнiстiк туралы Меморандум) жасасады. Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумды орындау 1992 жылғы Келiсiмнiң шарттарымен реттеледi.
2. Тараптар, заңсыз есiрткi саудасы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте Қазақстанның құқық қорғау, соттық және прокуратура органдарының мүмкiндiктерiн арттыруға бағытталған жобаны ұйымдастырып және оған қолдау көрсетуге келiседi.
3. Тараптар қабылдап, ұсынуға тиiс жобаны қолдауға бағытталған iс-қимылдар мен ресурстар, егер бiрлесiп келiскен өзге түзетулер болмаса, онда төменде көрсетiлгендей, Тараптардың мiндеттерi ретiнде қарастырылады.
4. Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның шарттарына сәйкес АҚШ-тың үкiметтiк мекемелермен келiсiм-шарт бойынша қамтамасыз етiлiп, грант немесе басқа техникалық көмек түрiнде, сондай-ақ тренинг қалпында төменде сипатталған жобаға (бұдан әрi - Жоба) жұмсалатын Америка тарапының жалпы үлесі 530.000 АҚШ долларын құрайды, яғни Америка тарапы, жалпы көмектiң (бөлiнген қорлардың) 110 000 АҚШ долларын ұсынады. Жобаның алдағы уақытта қаржыландыруы Конгрестiң шешiмiне және Мемлекеттiк Хатшының есiрткiнi және құқық қорғау қызметiнiң халықаралық бақылау мәселелерi жөнiндегi орынбасарының қорларды бөлуiне және бекiтуiне байланысты болады.
5. Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға Тараптардың бiрлескен келiсiмi бойынша өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн және ол Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумның ажырамас бөлiгi ретiнде ресiмделедi.
6. Егер Тараптар Меморандумның мәтiнiне бiрлесiп келiскен өзгерiстер енгiзбесе, онда қол қойылған күннен бастап қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумның барлық ережелерiне қолдау көрсету мен үйлестiру үшiн тиiстi өкiлдер тағайындалады.
II. Жобаның сипаттамасы
1. Жоба заңсыз есiрткi саудасына және басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар тұлғаларға қарсы нәтижелi тергеулер мен соттық iстердi жүргiзудегi және қылмыстық құқық саласындағы реформалардың алға бастырудағы Қазақстан тарапының мүмкiндiктерiн күшейтуге бағытталған. Жоба сонымен бiрге, шекаралық қауiпсiздiктi нығайтуға, заңсыз есiрткi мен химиялық прекурсорлар саудасына қарсы күрес әдiстерiн жетiлдiруге, есiрткiнi пайдаланып зиян шегудiң алдын алуға, химиялық прекурсорларды бақылау мен қылмыспен күреске, соның iшiнде контрабанда, трансұлттық қылмыс, ақшаны заңсыз ресiмдеу, сыбайлас жемқорлық және терроризм мен байланысты қылмыстарға қарсы бағытталған.
2. Осы мақсатта Тараптар бұл күш-жiгердi қолдау үшiн өздерiнiң заңнамалық ресiмдерiне сәйкес iс-әрекет етiп жыл сайын ресурстар бөледi.
3. Жүзеге асырылатын iс-әрекеттер мыналарды қамтиды:
(I) Америка тарапы АҚШ-тың құқық қорғау ұйымдары арқылы жалпы құны 420,000 АҚШ доллары көлемiнде тренинг және техникалық көмек бередi;
(2) Америка тарапы жалпы құны 110,000 АҚШ доллары көлемiнде құрал-жабдықтарды бередi;
(3) Америка тарапы есiрткi пайдаланып зиян шегуге қарсы күресуге көмек бередi;
(4) Америка тарапы Бас прокуратураға жаттықтыру ұсыну және қылмыс жөнiндегi заңгерлiк саласында көмек көрсету үшiн Тұрақты Заң Кеңесшiсiн жiберiп отыруды жалғастырады;
(5) Қазақстан тарапы оқып үйрену және төмендегi ережелердi сақтау үшiн бiлiктi персонал бередi.
4. Америка тарапының ағымдағы қаржы жылынан соң қаражат бөлуi АҚШ Мемлекеттiк Департаментiнiң Есiрткiнi және құқық қорғау қызметiн халықаралық бақылау бюросының бекiтуiмен және АҚШ Конгресiмен жыл сайын бөлiнетiн және бекiтiлетiн қорлардың барлығы және жобаның мақсатына жетудегi қанағаттандырарлық прогреспен шартты түрде байланысты.
III. Жобаның мақсаты және жетiстiктердi бақылау
1. Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға сәйкес жобаның нақты мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Заңсыз есiрткi саудасына, жемқорлық пен басқа да ауыр қылмыстарға байланысы бар тұлғаларға қатысты нәтижелi тергеулер мен соттық жұмыстар жүргiзудегі Қазақстан тарапының мүмкiндiктерiн арттыру үшiн заңгерлiк реформаларды iлгерiлету;
2) Есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз саудасын және заңсыз контрабанданың болдырмау үшiн шекара қауiпсiздiгiн нығайту;
3) Есiрткiнi заңсыз сату мен тұтынуға, сондай-ақ трансұлттық қылмыстар мен терроризмге байланысты қылмыстарға қарсы күресу әдiстерiн жақсарту.
2. Жобадағы мақсаттарға жетудегi iлгерiлеу төмендегiдей жағдайлар ескерiлiп бағаланады:
1) Заңсыз есiрткi саудасы, сыбайлас жемқорлық және қаржылық қылмыстарға байланысты сәттi тергеулер мен соттық қудалаулар санын арттыру;
2) Қылмыстық кодекске, банкiлiк және қаржылық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңдар мен реформалар;
3) Заңсыз есiрткi контрабандасына, прекурсорларға және заңсыз тауарларға қарсы iс-әрекеттердi күшейту;
4) Есiрткiнi қиянат жасап пайдаланудың алдын алу жөнiндегi ұлттық стратегияны құру және күшейту.
3. Жобаның жетiстiктерiн бақылау әдiстерi заңсыз есiрткi саудасын, сыбайлас жемқорлық пен қаржы қылмыстарын, есiрткiнi тәркiлеу мен жою және шекарада заңсыз контрабанданың жолын кесудегi сәттi сот iстерiн ресми құжаттар арқылы Тараптар мамандарының бақылауын қамтиды.
4. Осы жобаның ұзақтығы бiр жылдан үш жылға дейiнгi мерзiмдi құрайды.
IV. Стандартты ережелер
1. Қаржыландыру
А. Америка тарапынан тауарларды және қызметтердi сатып алуға бөлiнген қорлар, Америка елшiлiгiмен немесе INL-мен дайындалып ұсынылған, қорлардың пайдаланылуы туралы құжаттарға төлем ретiнде жүргiзiледi.
В. Америка тарапының қаржы жылы аяқталғанынан соң, сол уақыт аралығында Өзара түсiнiстiк туралы меморандумына қол қойылғаннан кейiн, Америка тарапынан бөлiнген қорлар, он екi ай мерзiмiнде пайдаланбаған жағдайда Америка тарапымен қайта қайтарылуы мүмкiн. INL АҚШ Мемлекеттiк департаментi сұрау алғаннан кейiн қорлардың пайдалану мерзiмiн созу ұсынылуы мүмкiн.
С. Қазақстан тарапы, Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға сәйкес көмек алушы ұйымдардың тиiмдi iс-әрекетiнiң қамтамасыз етiлуiн, жалға алу және коммуналдық қызмет, телефон байланысы, айлық ақысы мен жәрдемақы, соның iшiнде медициналық және басқа да сақтандыру және де бiлiктi мамандарды жалдау мен сақтау сияқты әкiмшiлiк және жол жөнекей шығындарды төлеуге арналған тиiстi қаржылардың бөлiнуiн қамтамасыз етедi.
Қазақстан тарапы, қорлар немесе басқа көмек осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға сәйкес, заңсыз есiрткi саудасына және басқа қылмыстарға әлде бiр қолдау ретiнде пайдаланылмауы үшiн керектi және негiзделген iс-әрекеттердi қамтамасыз етедi.
2. Меншiк құқығы
Егер Тараптар басқадай келiспеген жағдайда, Америка тарапының қаржысы есебiнен сатып алынған барлық құрал-жабдықтар мен материалдардың меншiк құқығы (бұдан әрi - Меншiк) Қазақстан тарапына өтедi.
3. Меншiк пен Персонал
А. Меншiк
(1) Қазақстан тарапына Америка тарапының қаржыландыруы арқылы ұсынылған меншiк жобаның мақсаттарына пайдаланылады, содан кейiн жобаның алдағы уақыттағы мiндеттерiне пайдаланылады. Қазақстан тарапы Америка тарапының қаржыландыруы арқылы алынған және осы ережелерге сәйкес пайдаланбаған кез келген меншiктi Америка тарапына қайтаруға немесе өтеуге келiседi. Жоба мақсаты үшiн Америка тарапы берген кез келген меншiктi сатудан түскен қаражат жоба мiндеттерiн iлгерiлетуге жұмсалады.
(2) Соңғы пайдаланушы өзiнiң барлық Меншiгi үшiн Америка елшiлiгiне, Қазақстан тарапының есебiнен алынған құрал-жабдықтарға, материалдарға қазақстан тарапы пайдаланатын қатаңдықтан кем емес түрiнде есеп бередi.
В. Персонал
(1) Стипендияны беруге немесе тренингтерге қатысушыларды қаржыландыруға дейiн, Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумға сәйкес Қазақстан тарапынан тренингтерге ұсынылған қатысушылар есiрткiге байланысты қылмыс бойынша сотталмағаны туралы немесе соңғы он жылда заңсыз есiрткi саудасында қатысы жоқ екендiгi туралы Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумның Қосымшасында келтiрiлген сертификатқа қол қоюы тиiс.
(2) Қазақстан тарапы, Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумға сәйкес қаржыландырған тренингтерден өткен персоналды, осы тренингтерден кейiн кемiнде екi жылға дейiн сақтауға келiседi. Осы талаптан Тараптардың тиiстi өкiлдерiнiң жазбаша келiсiмi арқылы бас тартылуы мүмкiн.
4. Бақылау және бағалау
А. Әрбiр Тарап: (1) Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумына сәйкес осы Тараптың сатып алынған немесе қаржыландырылған қандай да меншiктiң пайдалынуын Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумның шарттарына сәйкес пайдалануын анықтау үшiн тексеруге; және (2) осы Тараппен ұсынылған қаржы, меншiк және келiсiм қызметтерiнiң Өзара түсiнiстiк туралы, Меморандумының шарттарына сәйкес пайдалануын анықтау үшiн, осы қорларға, қызметтерге немесе меншiкке байланысты кез келген протоколдар, мен есеп берулерiн тексеру мен аудит жүргiзуге құқылы.
В. Тараптар, жобаның iске асыру мерзiмi аралығында кемiнде жылына бiр рет бiрлесiп жобаның жүзеге асуын және құрал-жабдықтар мен материалдардың пайдалануын бақылауға келiседi. Әр бiр Тарап бақылау мен бағалау рәсiмiне қатысу үшiн бiлiктi персонал тағайындайды.
С. Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумның шарттарына сәйкес әр бiр Тарап келесi Тарапқа жобаның iс-әрекет тиiмдiлiгiн бағалауға қажеттi ақпаратты ұсынып отырады. Жобаны аяқталуы туралы есеп жобаның аяқталуынан кейiн ажырағысыз рәсiм бөлiмi болып жасасады. Аяқталу туралы есепке Тараптардың жобаға қосқан үлесi туралы қорытынды, орындалған iс-шаралар туралы есеп қол жеткiзiлген мiндеттер және негiзгi тиiстi мәлiметтер кiредi.
5. Қолданылатын құқықтық нормалар
А. Тараптар қаржыларды өз мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес пайдаланады.
В. Егер Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумда қарастырылмаса немесе Америка тарапы басқадай уәкiлеттiк бермесе, Америка тарапының қаражатына сатып алынған барлық тауарлар мен көмектер Құрама Штаттарда сатып алынады және сол жақтан әкелiнедi. Осымен Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге ұсынылатын тауарлар тiзiмi Қазақстан тарапымен келiсу үшiн оларды әкелуден кем дегенде бiр ай бұрын ұсынылады.
6. Валюта айырбастау
Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның шарттарына сәйкес Қазақстанға келiп түскен қаржылардың барлығы Ұлттық банкпен орнатылған ресми бағыт бойынша Қазақстан валютасына айырбасталуы тиiс.
7. Адам құқығы
Тараптар адам құқығын қорғау Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның маңызды ережесi болып табылатынын таниды және келiседi. Осы мақсатта Тараптар:
А. Америка тарапынан Қазақстан тарапына есiрткiнi және қылмысты бақылау саласында көмек көрсету Қазақстан Тарапының адам құқығын қорғау саласында Қазақстан Республикасында белсендi iс-әрекеттерiмен шартты түрде байланысты, және
В. Егер АҚШ Мемлекеттiк Хатшысының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органының адам құқығын дөрекi бұзғаны туралы айғақ дәлелi болса және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органының жауапты қызметтегi тұлғаларын сотқа тартуда тиімдi iс-әрекеттердiң iске асырылуына Мемлекеттiк Хатшының көзi жетпесе осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның шарттары бойынша және АҚШ-тың саясаты мен заңдарына сай Америка тарапы Қазақстан тарапына ешқандай көмек пен қаржыландыруды ұсынбайды. Тараптар "тиiмдi шаралар" Қазақстан тарапымен сенiмге лайық тергеулер жүргізу деп және жергілiктi заңға сай қатысты тұлғаларға қарсы лайықты тәртiптiк шаралар немесе әдiлеттi соттық қудалауды iске асырылуы деп түсiнiп келiседi.
8. Қолданыс мерзiмiнiң тоқтатылуы
А. Өзара түсiнiстiк туралы меморандум Тараптардың өкiлеттi өкiлдерi қол қойғаннан кейiн уақытша қолданылады, кейiн Қазақстан Тарапы Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумның күшiне енуi үшiн керектi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы мәлiмдеме жiберген күнiнен бастап күшiне енедi. Әрбiр Тарап Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумның iс-әрекетiн екiншi Тарапқа тоқсан күн бұрын жазбаша хабарлама жiберу арқылы тоқтата алады. Меморандум iс-әрекетiнiң тоқтатылуы, хабарлау хатын жiбергенге дейiн үшiншi тарапқа қатысты төлем қызметiнiң күшiне енген мiндеттерiнен басқа, Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның шарттарына сай екi Тарап бiр-бiрiне алған төлем мiндеттерiнен босатылады.
В. Америка тарапы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымға немесе сол арқылы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның шарттарына сәйкес немесе осы ұйымның қызметтегi тұлғасы, немесе басқа стипендия алушы немесе Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның шарттарына сәйкес қаржыландырылған тренингтiң қатысушысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және АҚШ Федералдық Қаулылар Жинағының 140-шы бабының 22-шi бөлiмiнде ескертiлгендей есiрткiге байланысты қылмыстық жауапқа тартылған немесе заңсыз есiрткi саудасына қатысты болса хабарлау немесе басқа лайықты шаралар қабылдау арқылы кез келген көмектi тоқтатуға құқылы болады.
С. Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның 3-шi бабына сәйкес меншiктi пайдалану туралы мiндеттер Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның қызметi тоқтатылғаннан кейiн күшiн жоймайды.
Д. Өзара түсiнiстiк туралы меморандум күшiне енгеннен кейiн, 1997 жылғы 6 мамырында Тараптар арасында жасалған Жазбаша келiсiм, өзiнiң қолданысын тоқтатады.
2002 жылы ________ қыркүйегiнде Астана қаласында екi данада, қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды және әр мәтiннiң бiрдей күшi бар.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Есiрткiнi бақылау мен құқықтық тәртіптi қамтамасыз ету саласындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум осы келiсiмнiң қазақша мәтiнi аталған келiсiмнiң ағылшын тiлiндегi нұсқасына сәйкес келедi.
ҚР СIМ Көп жақты ынтымақтастық
Департаментiнiң арнайы халықаралық
ұйымдар бөлiмiнiң Басшысы
Қолы:
26 қазан 2002 ж.
ЕСIРТКIГЕ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ ЕСIРТКI САУДАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫНЫҢ СЕРТИФИКАТЫ
1. Осымен куәландырып сендiремiн, соңғы он жыл iшiнде мен:
А. Америка Құрама Штаттарының немесе кез келген басқа мемлекеттiң есiрткi немесе психотроптық немесе басқа да бақылауға алынған заттарға байланысты заң нормасын бұзған немесе заңсыздықты жасауға қатысқаным үшiн айыпталған емеспiн.
В. Мен қандай да бiр есiрткiнiң немесе бақылауға алынған заттардың заңсыз саудасына қатысушы болып табылмаймын және болған да емеспiн.
С. Мен кез келген осындай есiрткiлермен немесе заттармен заңсыз сауда жасау туралы басқа адамдармен мәмiлеге барған қылмысты топқа саналы көмекшi, қол ұшын берушi, қатысушысы немесе олардың адамы болып табылмаймын да, болған да емеспiн.
2. Егер соңғы он жыл мерзiмiнде немесе менiң Мемлекеттiк департаментпен қаржыландырған оқуым кезiнде жоғарыда аталған iс-әрекеттерге қатысым болғаны туралы белгiлi болса, Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаментi менiң оқуымды тоқтата алатынын түсiнемiн.
Қолы: _________________
Аты: __________________
күні: _________________
Ескерту
1. Сiзден, Есiрткi саудагерлерiне көмек көрсетуге тыйым салу туралы АҚШ Федералдық Қаулылары Жинағының 22-ші бабының 140 бөлiмiне сәйкес осы сертификатқа қол қою талап етiледi. Осы қаулыларды Мемлекеттiк департамент жарыққа шығарды және белгiлi қатысушылардан осы сертификатқа қол қою талап етiледi.
2. Егер Сiз жалған куәландыруға сендiрсеңiз, Сiз Қазақстан Республикасының заңдарына немесе АҚШ-тың 1001 Заңдар Жинағының 18-шi бабына сәйкес қылмыстық қудалауға алынасыз.