Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шығыс Қазақстан облысының әкіміне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 60 (алпыс) миллион теңге, оның ішінде Семей қаласында тазарту құрылыстарын салуға 30 (отыз) миллион теңге және Өскемен қаласының сол жақ жағалау кәріздік тазарту құрылыстарының ІІІ кезегін салуға 30 (отыз) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне 2002 жылдың қорытындысы бойынша орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі