Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 12 желтоқсан N 1305

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне Түркістан ауылынан қоныс аударатын, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар отбасылардың мүшелеріне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 26 375 000 (жиырма алты миллион үш жүз жетпіс бес мың) теңге, соның ішінде тұрғын үй сатып алуға 23 265 000 (жиырма үш миллион екі жүз алпыс бес мың) теңге, біржолғы жәрдемақыларды төлеуге 1 983 000 (бір миллион тоғыз жүз сексен үш мың) теңге және көлік шығыстарын өтеуге 1 127 000 (бір миллион бір жүз жиырма жеті мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады