Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Семей қаласындағы Ертiс өзенi арқылы көпiрдi пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 870 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
Семей қаласындағы Ертiс өзенi арқылы көпiрдi пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Әлмұхамбетов - Қазақстан Республикасының
Орал Жексембайұлы Әдiлет министрлiгі Мемлекеттiң
мүліктік құқықтарын қорғау,
шарттар және талап-қуыным
жұмысы басқармасы мемлекеттiң
мүлiктiк құқықтарын қорғау
бөлiмiнiң бастығы;
Әрiпханов - Қазақстан Республикасының
Айдар Әбдiразақұлы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк
борыш және несие беру департаментi
қарыз алу басқармасының бастығы;
мына жолдар:
"Шардарбек - Қазақстан Республикасының
Шәрiпбек Шардарбекұлы Экономика және сауда
министрлігінiң Құрылыс iстерi
жөнiндегi комитетiнiң төрағасы,
төрағаның орынбасары;
Өтеғұлов - Қазақстан Республикасы
Мәулен Амангелдiұлы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк
қарыз алу департаментi директорының
мiндетiн атқарушы";
мынадай редакцияда жазылсын:
"Шардарбек - Қазақстан Республикасының
Шәрiпбек Шардарбекұлы Индустрия және сауда министрлiгi
Құрылыс iстерi жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы,
төрағаның орынбасары;
Өтеғұлов - Қазақстан Республикасы
Мәулен Амангелдiұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
министрлiгi Жоспарлау, мемлекеттiк
қарыз алу және несие беру
департаментiнiң директоры";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттiк комиссия құрылыстың аяқталысымен Семей қаласындағы Epтiс өзенi арқылы өтетiн көпiрдi пайдалануға қабылдап алу туралы актiнi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі