Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау әрі 2002 жылғы желтоқсандағы және 2003 жылғы қаңтардағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Демалыс күндері 2002 жылғы 28 желтоқсан - сенбі және 2002 жылғы 29 желтоқсан - жексенбі күндерінен тиісінше 2002 жылғы 30 желтоқсан - дүйсенбі және 2002 жылғы 31 желтоқсан - сейсенбі күндеріне, сондай-ақ 2003 жылғы 5 қаңтар - жексенбі күнінен 2003 жылғы 3 қаңтар - жұма күніне ауыстырылсын.
2. Қажетті өнім шығару, қаржылық қызметті қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2002 жылғы 30 және 31 желтоқсанда және 2003 жылғы 3 қаңтарда жұмыс жүргізу құқығы берілсін.
Көрсетілген күндердегі жұмыс қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі