Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зiлзалалардың және апаттардың себептерiн тексеру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 1351 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелiп соққан авариялардың, зiлзалалардың және апаттардың себептерiн тексеру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 24 желтоқсандағы  
N 1351 қаулысымен бекiтiлген 

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың
туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың
және апаттардың себептерін тексеру
ережесi 1. Жалпы ережелер     

      1. Осы Ереже табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелiп соққан аварияларды, зiлзалаларды және апаттарды (бұдан әрi - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайлары) тексеру тәртiбiн айқындайды.

      2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайларын тексерудiң мақсаты - себептерiн анықтау, олардың зардаптарын жою жөнiнде шаралар белгiлеу, олардың алдын алу жөнiнде қажетті iс-шаралар әзiрлеу және материалдық зиянды анықтау.

      3. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi авариялардың себептерiн тексеру тәртiбiн "Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуiрдегi Заңына сәйкес өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлейдi.

2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың туындау жағдайларын тексеру

      4. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайлары осы Ережеде белгiленген тәртiппен комиссияның тексеруiне жатады.
      Ғаламдық және аймақтық ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын комиссия тексередi. Жергiлiктi және объектiлiк ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы құратын комиссия тексередi.
      Комиссия құрамына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның , министрлiктердiң, агенттiктердiң және олардың аумақтық органдарының, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi, мүдделi ұйымдардың басшылары кiредi.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      5. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсiнiктемелер алуға, сараптамалық қорытынды талап ететiн мәселелердi шешу үшiн ұйымдардың, бақылау және қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгiленген тәртiппен кiшi сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың себептерiн тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының өкiмiмен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететiн мәселелер жазбаша түрде берiледi. Кiшi сараптама комиссиясының барлық мүшелерi қол қойған материалдар комиссия төрағасы белгiлеген мерзiмде комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берiлуi тиiс.

      6. Комиссия тексеру барысында болған оқиғаның жағдайларын анықтайды, оның себептерiн, нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жiберiлген бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгiлейдi және оларды жазаға тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау жөнiнде iс-шаралар белгiлейдi, қирау және материалдық зиян мөлшерiн анықтайды.

      7. Комиссия 10 күн iшiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелiп соққан авариялардың, зiлзалалардың және апаттардың себептерiн тексеру актiсiн жасайды, осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа құжаттар мен материалдарды ресiмдейдi. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
      Қажет болған жағдайда, тексеру мерзiмiн комиссияның ұсынысы бойынша табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайларын тексеру жөнiндегi комиссияны тағайындаған орган белгiленген тәртiппен олардың ауқымына және қосымша зерттеулер мен сараптамалар жүргiзу қажеттілігiне қарай ұзартуы мүмкін.
      Егер комиссия мүшесi комиссияның қорытындысымен келiспесе, тексеру материалдарына қоса беру үшiн өзiнiң дәлелдi ерекше пiкiрiн жазбаша түрде тапсыруы тиiс.

      8. Teкcepy материалдары мыналарды қамтуы тиiс:
      1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды тексеру жөнiндегi комиссияны тағайындау туралы өкiм жазылған құжат;
      2) тексеру актiсi;
      3) төтенше жағдайлардың орнын қарау хаттамасы, жоспарлар, схемалар, нобайлар, суреттер;
      4) комиссия төрағасының техникалық және экономикалық сараптаманы тағайындау туралы өкiмi;
      5) аварияның себептерi, зертханалық және басқа да зерттеулердiң, эксперименттердiң, талдаулардың нәтижелерi туралы кiшi сараптама комиссиясының қорытындысы;
      6) әскерилендiрiлген авариялық-құтқару, атқыламаға қарсы және өртке қарсы қызметтер мен бөлiмдер басшыларының баяндама жазбахаттары, егер бұл қызметтер төтенше жағдайларды жоюға шақырылған болса;
      7) аварияға қатысы бар куәгерлерден, адамдардан, сондай-ақ MEMCT талаптарының, техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi нормалар мен ережелердiң сақталуына жауапты лауазымды адамдардан жауап және түсiнiктеме алу хаттамалары;
      8) зиян туралы мәлiметтер, сондай-ақ төтенше жағдайларды және оның себептерiн сипаттайтын басқа да материалдар (анықтамалар, көшiрмелер).

      9. Тексеру материалдарын (актiнi және оның қосымшасын) техникалық ресiмдеу және тиiстi мемлекеттiк басқару органдарына жiберу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына, жергiлiктi атқарушы органдарға және мүдделі ұйымдарға жүктеледi.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      10. Лауазымды адамдар мен азаматтардың заңсыз iс-әрекетi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда тексеру материалдары кiнәлiлердi жауапқа тарту үшiн тиiстi органдарға жiберуге жатады.

      11. Комиссия табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды тексеру нәтижелерi бойынша белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдарды хабардар етедi.

      12. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдар, мүдделi ұйымдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды, олардың себептерiн зерделеудi және талдауды қамтамасыз етедi, оның алдын алу бойынша комиссия ұсынған iс-шараларды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдайды.

Қосымша

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың
туындауына әкелiп соққан авариялардың, зiлзалалардың
және апаттардың себептерін тексеру
актісі

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар (бұдан әрi - ТЖ) болған облыстың (қаланың), орынның атауы, ұйымның аты, оның ұйымдық-құқықтық нысаны, меншік нысаны және мекен-жайы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      2. Комиссия құрамы:
      Комиссия төрағасы:
__________________________________________________________________
                    (аты-жөнi, лауазымы)

      Комиссия мүшелерi:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      3. Ұйымның, объектiнiң, учаскенiң, аумақтың, ТЖ орнының сипаттамасы (қысқаша).
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Бұл бөлiмде басқа мәлiметтермен бiрге: объектiнiң ТЖ-ға дейiнгi жұмыс режимiн, жабдықтарды көрсету (бекiтiлген, нақты, жобалық), объектiнiң авария алдындағы жағдайы, техникалық пайдалану ережелерiнiң сақталуы туралы қорытынды беру; осы объектiде бұрын осыған ұқсас ТЖ болды ма, олардың алдын алу жөнiнде iс-шаралар әзiрлендi ме (қашан, кiм және қандай, олар қалай орындалды) екендiгiн көрсету қажет.
      4. Қызмет көрсетушi персоналдың бiлiктiлiгi (қауiпсiздiк техникасы бойынша қайда және қашан оқып-үйренуден және нұсқама алудан, бiлiктiлiк комиссиясында бiлiмiн тексеруден өтті).
      5. ТЖ жағдайы. (Осы бөлiмнiң соңында ТЖ сипатын көрсету керек).
      6. ТЖ-ның ұйымдастырушылық және техникалық себептерi. (Әрбiр себептен кейiн заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердiң қандай талаптары орындалмады немесе бұзылды).
      7. ТЖ-ның себептерiн жою жөнiндегi iс-шаралар (ТЖ зардаптарын жою және орындау мерзiмiн көрсете отырып, олардың қайталануын алдын алу жөнiндегi шараларды баяндау керек).
      8. ТЖ-ға жол берiлгенi үшiн жауапты заңды және жеке тұлғалар туралы қорытындылар және ұсынылған жазаға тарту шаралары. (Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң қандай талаптары орындалмағанын немесе олардың бұзылғандығын көрсету, ТЖ болған сәттегi жергiлiктi атқарушы органдардың, жедел қызмет көрсетушi персоналдың iс-қимылдарына баға беру).
      9. ТЖ-дан келген зиянның жиынтық көлемi, барлығы _________
теңге.
      10. Өзге ақпарат (қажет болған кезде).
      Тексеру жүргiзiлдi және акт жасалды:
__________________________________________________________________
                  (жылы, айы, күнi)

      Қосымша: тексеру материалы ___________ парақ.

      Комиссия төрағасы:

      Комиссия мүшелерi:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады