Қазақстан Республикасының меншiгiне Түркiменстанда әкiмшiлiк ғимараттарын сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 24 желтоқсан N 1356

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Түркiменстандағы Елшiлiгiн әкiмшiлiк орналастыру үшiн Ашгабад қаласы, Гарашсызлык даңғылы, N 11 және N 13 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимараттарды (бұдан әрi - Ғимараттар) Қазақстан Республикасының меншiгiне сатып алу туралы ұсынысы қабыл алынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шет елдерде жылжымайтын мүлiк сатып алу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Ғимараттарды сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ақы төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 740000 (жетi жүз қырық мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлiнсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады