Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң арнайы резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 24 желтоқсан N 1358

      Жамбыл облысы әкiмiнiң "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына үлестiк қаражатты енгiзу жөнiндегі мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Жамбыл облысының әкiмiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылға арналған арнайы резервiнен "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына үлестiк қатысуға ақы төлеу үшiн кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен сыйақы ставкасын есептей отырып, 453 800 000 (төpт жүз елу үш миллион сегiз жүз мың) теңге мөлшерiнде қаражат бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) заңнамаға сәйкес Жамбыл облысының әкiмiмен кредит келiсiмiн жасасуды;
      2) бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады