Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ресми делегацияларға қызмет көрсетуге 22000000 (жиырма екі миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі