Қазақстан Республикасының меншігіне Қытай Халық Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 2002 жылғы 26 желтоқсан N 1376

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігін әкімшілік орналастыру үшін Пекин қаласы, Чаоянь ауданы, Сань Ли Тунь Дун 6 Дзе, N 9 мекен-жайы бойынша орналасқан жалпы құны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақы төленетін күнге белгілеген бағам бойынша 6544344 (алты миллион бес жүз қырық төрт мың үш жүз қырық төрт) АҚШ долларына баламалы ғимаратты (бұдан әрі - Ғимарат) Қазақстан Республикасының меншігіне Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі басқармасынан кезең-кезеңімен сатып алуына рұқсат етілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шет елдерде жылжымайтын мүлік сатып алу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен Ғимаратты сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақы төленетін күнге белгілеген бағам бойынша 420155 (төрт жүз жиырма мың жүз елу бес) АҚШ долларына баламалы сомада заңнамада белгіленген тәртіппен ақы төлеуді жүргізсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады