Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Қазақстан Республикасының Үкіметінен "Қазақавтодор" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының пайдасына 69 420 000 (алпыс тоғыз миллион төрт жүз жиырма мың теңге) теңге мөлшеріндегі соманы өндіру және 2 082 600 (екі миллион сексен екі мың алты жүз) теңге сомасында мемлекеттік бажды қайтару туралы 2002 жылғы 22 қарашадағы шешімін, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен "Қазақавтодор" республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы 2002 жылғы 30 қарашада қол қойылған көрсетілген сот шешімін орындау туралы келісімді және "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен "Қазақавтодор" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының пайдасына 69 420 000 (алпыс тоғыз миллион төрт жүз жиырма мың) теңге мөлшеріндегі негізгі борыш сомасының бір бөлігін өтеу үшін 36 501 584 (отыз алты миллион бес жүз бір мың бес жүз сексен төрт) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі