Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 ж. 20 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 920-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1. 1-бапта:
1) бiрiншi бөлiк "Республикалық ұланда" деген сөздерден кейiн ", Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерінде, әскери-тергеу органдары мен әскери полициясында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнде және әскери прокуратура органдарында (бұдан әрi осы Заңның мақсаттары үшiн - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Оларға офицерлер, келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін адамдар, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары, мерзiмдi қызметтегi старшиналар, сержанттар, солдаттар мен матростар жатады.";
3) төртiншi бөлiк "ұрыс қимылдарына қатысу," деген сөздерден кейiн "бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындауға" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 3-бапта:
1) бiрiншi бөлiктегi "ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Республикалық ұланда әскери қызметтен өтуші адамдар, сондай-ақ әскери құрылысшылар" деген сөздер "басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтен өтушi адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) төртiншi бөлiктiң бiрiншi сөйлемi қазақ тiлдегi мәтiнiнде мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi әскери қызметтен босатылған және басқа да ТМД елдерiне тұрақты тұруға қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәртебесi мемлекетаралық келiсiмдермен белгіленедi.".
3. 4-бапта:
1) екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Барлық әскери қызметшілер атқаратын қызметi мен әскери атағына қарамастан заң алдында тең. Әскери қызметшiлердiң құқықтары мен мiндеттерiндегi, әскери қызметтен өту шарттарындағы, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіндегi ерекшелiктер Қазақстан Республикасының заңдары мен белгіленедi.".
2) үшiншi бөлiктегi "мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң командованиесiне, ұлттық қауiпсiздiк органдарының басшылығына, Республикалық ұланының командованиесiне" деген сөздер "Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының басшылығына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) алтыншы бөлiк алынып тасталсын.
4. 8-бапта:
1) жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа), педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтерден басқа кәсiпкерлiк не басқа да ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ.";
2) мынадай мазмұндағы сегiзiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орны курсанттарының кез келген ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ.".
5. 9-бапта:
1) бiрiншi және үшiншi бөлiктердегi "Офицерлердiң, прапорщиктердiң, мичмандардың, әскери қызметшi әйелдердiң, шарт бойынша әскери қызметтен өтушi әскери қызметшілердiң" және "Офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандарға, әскери қызметшi әйелдерге, шарт бойынша әскери қызметтен өтушi әскери қызметшiлерге" деген сөздер тиiсiнше "Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа" және "Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшілер мен әскери арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) төртiншi бөлiктегi "Қорғаныс министрi, әскери қызметшiлер әскери қызмет атқаратын басқа да министрлiктердiң басшылары" деген сөздер "әскери қызметшiлер әскери қызмет атқаратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) бесiншi бөлiктегi "Офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандарға, әскери қызметшi әйелдерге және шарт бойынша әскери қызметтен өтушi әскери қызметшiлерге" деген сөздер "Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқасына)" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 10-бапта:
1) бесiншi бөлiктегі "екi лауазымдық айлықақысы" және "лауазымдық жалақысының жартысы" деген сөздер тиiсiнше "екi айлық ақшалай үлес" және "айлық ақшалай үлесiнiң жартысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) жетiншi бөлiктегi "оқу орындарының курсанттарының" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ ұшуларды дайындау жөнiндегi ұшу, инженерлiк құрамның әскери қызметшiлерi" деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы сегiзiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа шыққан кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiк үлесiнiң орнына ақшалай өтемақы төленедi.".
7. 11-бапта:
1) төртiншi, бесiншi, алтыншы және жетiншi бөлiктер алынып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Әскери қызметшiлерге салық төлеу жөнiндегi жеңiлдіктер Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленедi.".
8. 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Тұрғын үй алу құқығы
Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелерi мемлекет есебiнен тұрғын жайлармен (пәтерлермен) қамтамасыз етiледi.
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелерiне тұрғын жаймен (пәтермен) қамтамасыз етiлгенге дейiн уақытша тұру үшiн қызметтiкке теңестірiлген тұрғын үйлер, қызметтік тұрғын үйлер немесе жатақханаларда тұрғын жайлар мiндеттi түрде берiледi.
Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жасы бойынша әскери қызметтен босатылғанға дейiн үш жыл бұрын не денсаулық жағдайы бойынша немесе әскери командованиенiң ұсынысы бойынша штаттың қысқаруына байланысты әскери қызметтен босатылатын жылы жергiлiктi атқарушы органдар олардың қалап алған тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу кезегiнiң тiзiмiне енгiзедi.
Шетелге және климаттық жағдайы ауыр жерлерге әскери қызметтi өткеру үшiн жiберiлген әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа), өздерi тұратын тұрғын жайлары, олардың шетелде және аталған жерлерде болған бүкiл уақытына сақталады.
Қызмет бойынша ауысқан кезде тұратын тұрғын жайы сақталатын әскери қызметшілерге жаңа қызмет орны бойынша қызметтiк тұрғын үйлер берiледi.
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа), олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн ескере отырып тұрғын үй қорының тиесiлiлiгiне қарамастан, тұрғын үйдi ұстау шығыстарын (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) төлеу үшiн тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте айқындалатын мөлшерде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ақшалай өтемақы төленедi.
Мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiлген әскери қызметшiлер, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда орналасқан тұрғын жайларды қоспағанда, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тәртiппен оларды меншiгiне алуға құқылы. Әскери қызметтен босатылған және күнтiзбелiк есеппен 20 және одан да көп жыл қызмет еткен әскери қызметшiлер тұратын тұрғын жайын өтеусiз меншiгiне алуға құқылы.
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер, әскери (арнаулы) оқу орындарына курсанттары тұрғылықты жерi нeмece жұмыс орны бойынша тұрғын жай (пәтер) алуға кезек тiзiмiнен шығарылмайды және оларда әскери қызметке шақырылғанға немесе әскери (арнаулы) оқу орнына түскенге дейiн тұрған тұрғын жайы сақталады.
Тұрғын жай сатып алу немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшiн кредит алған әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтен әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде және тәртiппен кредит сомасы өтеледi.
Асыраушысынан айрылған әскери қызметшiлердiң отбасыларын, оларға басқа жақсы жабдықталған тұрғын жайды өтеусіз бермейiнше өздерi тұратын тұрғын жайдан шығаруға болмайды.".
9. 13-бапта:
1) екiншi бөлiкте:
"арнаулы жабдықтар жоқ болса," деген сөздердiң алдынан "медициналық көрсеткiштер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
"мекемелерiнде" деген сөздiң алдынан "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;
"және меншiк түрiне" деген сөздер алынып тасталсын;
2) үшiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлер әскерлерiнде әскери қызметтен өтетiн министрлiктерi мен ведомстволары" деген сөздер "әскери қызметшiлер құрылымында әскери қызметтен өтетiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) төртiншi бөлiктегi "арнаулы жабдықтар болмаған жағдайда," деген сөздердiң алдынан "медициналық көрсеткiштер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
4) бесiншi, алтыншы бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қалашықтарда орналасқан әскери қызметшiлердi санитарлық-эпидемиологиялық жағынан қамтамасыз ету заңдарда белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
"Әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жарақаттанған, контузия алған, зақымданған, мертiккен немесе ауруға шалдыққан әскери қызметшiлер құрылымында әскери қызметшiлер әскери қызмет өткерген Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаражаты есебiнен санаторийлерге жiберiледi.";
5) жетiншi бөлiктегi "алтыншы," деген сөз алынып тасталсын;
6) тоғызыншы бөлiктегi "әскери-орындарының" деген сөздер "әскери (арнаулы) оқу" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 14-баптың төртiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң және әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, әскери мiндеттiлер әскерiнде әскери қызметтен өткен (жиында болған) басқа да Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының" деген сөздер "әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, әскери мiндеттiлер әскери қызметтен өткен (жиында болған) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Бiлiм алу құқығы
"Әскери қызметшiлер әскери (арнаулы) оқу орындарында оқуға құқылы.
Әскери (арнаулы) оқу орындарын бiтiрген әскери қызметшiлер қайта даярлау және білiктіліктi арттыру курстарында оқи алады.
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) өздерi құрылымында әскери қызмет беретiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының келiсiмiмен еңбек туралы заңдарға сәйкес сессияларды және қорытынды емтихандарды тапсыру үшiн демалыс берiлiп, азаматтық жоғары оқу орындарында оқудың кешкi және сырттай түрiнде оқуға рұқсат етiледi.
Оқу кезеңінде әскери қызметке шақырылған адамдардың әскери қызметтен босағаннан кейiн өздерi шақыруға дейiн оқыған оқу орнындағы оқуын жалғастыруға құқығы бар.".
12. 16-бaптa:
1) бiрiншi бөлiктегi "Офицерлердiң, прапорщиктердiң, мичмандардың, әскери қызметшi әйелдердiң және шарт бойынша қызметiн өтеушi адамдардың" деген сөздер "Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) үшiншi бөлiктегi "Қорғаныс министрлiгiнiң, әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын басқа да министрлiктер мен ұйымдардың" деген сөздер "әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) бесiншi бөлiк алынып тасталсын;
4) алтыншы бөлiк "Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге" деген сөздерден кейiн ", әскери (арнаулы) оқу орындарының I-II курстарының курсанттарына" деген сөздермен толықтырылсын;
5) жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары мыналарда тегiн жүруге құқылы:
стационарда емделуге барғанда және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiр жол, әуе қатынасы, су және автомобиль көлiктерiнде;
әскери қызметтен босағанда, сондай-ақ демалысқа барғанда және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiр жол, су және автомобиль көлiктерiнде.".
13. 17-бапта:
1) үшiншi бөлiктегi "Офицерлердi, прапорщиктердi, мичмандарды, әскери қызметшi әйелдердi, шарт бойынша қызметтен өтушi әскери қызметшiлердi" деген сөздер "Әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын, "Қорғаныс министрлiгi және басқа министрлiктер мен ведомстволар есебiнен толық көлемiнде өтелiп, келтiрiлген зиян кейiннен кiнәлi адамдардан ұсталуға тиiс" деген сөздер "Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың есебiнен толық көлемiнде өтелуге тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) жетiншi бөлiк алынып тасталсын;
3) сегiзiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Мерзiмдi әскери қызметтi өткерген адамдардың өздерi шақырылған нақ сол кәсiпорынға жұмысқа қабылдану кезiнде басым құқығы болады";
4) тоғызыншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметтен босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру, олардың мамандық алуы, зейнетақы құқығынсыз әскери қызметтен босатылған адамдарды жұмыспен қамту Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.".
14. 18-баптың екiншi абзацындағы "әскери" деген сөз "Әскери" деген сөзбен ауыстырылсын.
15. Қазақ тiлдегi мәтiнiнде 20-баптың үшiншi бөлiгiндегi "қолдануға құқылы" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн.".
16. 23-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери мiндетiн орындау кезiнде мемлекетке келтiрiлген материалдық залалды өз кінәсінен залал келтiрілген әскери қызметшi соттың шешiмi негiзiнде не ерiктi тәртiппен өтейдi.".
2-бап. Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 6-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларын қоспағанда, жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті