Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 5 қыркүйектегi N 977 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 28 желтоқсан N 1408

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнің грантын тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Yкiметiнiң арасында ноталар алмасу нысанында келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 қыркүйектегi N 977 қаулысына мынадай өзгерiс енгізілсін:
      "Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Yкiметiнiң арасында ноталар алмасу нысанындағы келiсiмнiң жобасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң Нотасы

Сiздiң Жоғары мәртебелiңiз,

      Мәтiнi төменде келтiрiлген Сiздің бүгiнгi күнмен белгiленген Жоғары мәртебелі Нотаңызды алғандығымды растауға рұқсат етуіңізді сұраймын:
      "Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығына қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің өкілдері арасында жақында өткiзiлген талқылауға жүгiнудi әрі Жапония Үкiметiнiң атынан мынадай келiсiмдердi ұсынуға рұқсат етуіңізді сұраймын:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметiнің Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру жөніндегі жобасын (бұдан әрi - Жоба) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкiметi Жапонияның қолданыстағы заңнамасына, нормативтiк кесiмдерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне Y 467.000.000 (төрт жүз алпыс жеті миллион йен) мөлшерде грант (бұдан әрi - Грант) бөлiнсiн.

      2. Грант, егер осы кезең уәкiлеттi екі үкiметтің өзара келiсiмдерi арқылы ұзармаған болса, осы келiсiм күшiне енген күн мен 2003 жылғы 31 наурыз арасындағы кезең iшiнде ұсынылады.

      3. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грантты тек төменде аталған Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония бодандарының немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметтерiн сатып алу үшiн пайдаланады (осы келiсiмде қолданылатын "бодандар" терминi жапондық бодандарға қатысты жапондық жеке тұлғалар бақылайтын - жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды және қазақстандық бодандарға қатысты - қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды білдiредi):
      (а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi және оларды орналастыру үшін қажеттi жабдықтар;

      Жапонияның Қазақстан Республикасындағы
      Төтенше және Өкілеттi Елшiсi
      Жоғары мәртебелі
      Тосио ЦУНОДЗАКИFA

      (б) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары және оларды орналастыру үшiн қажетті қызметтер;
      (с) жоғарыдағы (а), (б) тармақтарында көрсетiлген өнiмдердi Қазақстан Республикасына тасымалдау үшiн және ел iшiнде тасымалдау үшiн қажеттi қызметтер.
      (2) Егер екi үкiмет қажет деп тапса, жоғарыдағы (1) тармақтың ережелерiне қарамастан, Грант жоғарыдағы (1) тармақтың (а) бөлiгінде көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылған өнiмдердi әрі (1) тармақтың (а), (б) және (с) тармақшаларында көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде сатып алуға берiлген қызметтердi пайдаланылуы мүмкiн.

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілетті органдары 3-тармақта көрсетiлген өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн жапондық бодандармен жапон йенiнде келiсiм-шарт жасасады. Жапония Үкiметi Грант үшiн ыңғайлы мұндай келiсiм-шарттар рeтінде бекiтуi тиiс.

      5. (1) Жапония Үкiметi Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары 4-тармақтың ережелерiне сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттар (бұдан әрі - Бекiтiлген келiсiм-шарттар) бойынша алған мiндеттемелердi жабу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы Жапония банкiнде белгiленген (бұдан әрi - Банк) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атына ашылған шотқа жапон йенiмен төлемдер жасау жолымен орындайды.
      (2) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы ақы төлеудi жүргiзу үшiн уәкiлдiк берген Банкке Жапония Үкiметiне төлем өтінішін берген кезде орындалады.
      (3) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген шоттың жалғыз мақсаты Жапония Үкiметiнiң жапон йенiнде төлемдер алуы және Бекiтiлген келiсiм-шарттардың қатысушылары болып табылатын жапондық боданның ақы төлеуi болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебетке қатысты рәсiмдiк шаралар Банк пен Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе ол уәкiлеттiк берген орган арасындағы консультациялар жолымен келiсiледi.

      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметі мынадай шараларды:
      (а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант бойынша caтып алынған тауарларды уақытында кедендiк ресiмдеудi және iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету;
      (б) жапондық бодандарды Бекiтiлген келiсiм-шарт бойынша өнiмдердi жеткiзу мен қызметтерге байланысты Қазақстан Республикасында салынатын кедендiк баж, iшкi салықтар және өзге де қаржылық алымдардан босату;
      (с) Бекiтiлген Келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтердi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын жапондық бодандарға өз жұмыстарын орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және оның аумағында болу жағдайларын қамтамасыз ету;
      (д) Грант бойынша сатып алынған тауарлардың жобаны iске асыру мақсатында тиесiлі және тиiмдi ұсталатынын және пайдаланылатынын қамтамасыз ету;
      (e) Грантпен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығыстарды көтеру үшiн қажет шараларды қолданады.
      (2) Гpант бойынша сатып алынған тауарларды жөнелтудi және теңiздiк тасымал сақтандыруына қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарларды жөнелту және теңiздiк тасымалдау сақтандыру компанияларының арасында әдiл әрi еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгiлеуден бас тартады.
      (3) Грант бойынша сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасынан қайта экспортқа шығарылмайды.

      7. Осы келiсiмдерге байланысты туындауы мүмкiн мәселелер бойынша екi үкiмет бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi.
      Осы Нота мен Сiздің Жоғары мәртебеңiз Қазақстан Республикасы Үкiметінің атынан жоғарыда келтiрiлген келiсiмдi растайтын жауап Нотаңыз Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi үкiмет арасындағы бекiтiлген Келiсiм болып саналатындығын ұйғаруға маған құрмет көрсетiңiз.
      Сiздiң Жоғары мәртебеңiзге өзiмнiң терең құрметiме сенiм бiлдiру мүмкiндiгiн пайдалануыма рұқсат етiңiз."

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан жоғарыда көрсетілген келiсiмдi растауға және Сiздің Жоғары мәртебелi Hотаңыз және осы Нота Жапония Yкiметi Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетін екi үкiмет арасындағы бекiтiлген келiсiм болып саналатындығына келiсiмiмдi бiлдiрудi құрмет тұтамын.
      Сiздiң Жоғары мәртебеңiзге өзiмнің терең құрметiмдi бiлдiру мүмкiндiгiн пайдалануыма рұқсат етiңiз.

Қасымжомарт ТОҚАЕВ
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк хатшысы -
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi

Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Нотасы

Сiздiң Жоғары мәртебелiңiз,

      Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығына қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің өкілдері арасында жақында өткiзiлген талқылауға жүгiнудi әрі Жапония Үкiметiнiң атынан мынадай келiсiмдердi ұсынуға рұқсат етуіңізді сұраймын:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметiнің Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру жөніндегі жобасын (бұдан әрi - Жоба) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкiметi Жапонияның қолданыстағы заңнамасына, нормативтiк кесiмдерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне Y 467.000.000 (төрт жүз алпыс жеті миллион йен) мөлшерде грант (бұдан әрi - Грант) бөлiнсiн.

      2. Грант, егер осы кезең уәкiлеттi екі үкiметтің өзара келiсiмдерi арқылы ұзармаған болса, осы келiсiм күшiне енген күн мен 2003 жылғы 31 наурыз арасындағы кезең iшiнде ұсынылады.

      3. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грантты тек төменде аталған Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония бодандарының немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметтерiн сатып алу үшiн пайдаланады (осы келiсiмде қолданылатын "бодандар" терминi жапондық бодандарға қатысты жапондық жеке тұлғалар бақылайтын - жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды және қазақстандық бодандарға қатысты - қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды білдiредi):
      (а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi және оларды орналастыру үшін қажеттi жабдықтар;

      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттiк хатшысы -
      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы iстер министрі
      Жоғары мәртебелi
      Қасымжомарт ТОҚАЕВҚА

      (б) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары және оларды орналастыру үшiн қажетті қызметтер;
      (с) жоғарыдағы (а), (б) тармақтарында көрсетiлген өнiмдердi Қазақстан Республикасына тасымалдау үшiн және ел iшiнде тасымалдау үшiн қажеттi қызметтер.
      (2) Егер екi үкiмет қажет деп тапса, жоғарыдағы (1) тармақтың ережелерiне қарамастан, Грант жоғарыдағы (1) тармақтың (а) бөлiгінде көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылған өнiмдердi әрі (1) тармақтың (а), (б) және (с) тармақшаларында көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде сатып алуға берiлген қызметтердi пайдаланылуы мүмкiн.

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілетті органдары 3-тармақта көрсетiлген өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн жапондық бодандармен жапон йенiнде келiсiм-шарт жасасады. Жапония Үкiметi Грант үшiн ыңғайлы мұндай келiсiм-шарттар рeтінде бекiтуi тиiс.

      5. (1) Жапония Үкiметi Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары 4-тармақтың ережелерiне сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттар (бұдан әрі - Бекiтiлген келiсiм-шарттар) бойынша алған мiндеттемелердi жабу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы Жапония банкiнде белгiленген (бұдан әрi - Банк) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атына ашылған шотқа жапон йенiмен төлемдер жасау жолымен орындайды.
      (2) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы ақы төлеудi жүргiзу үшiн уәкiлдiк берген Банкке Жапония Үкiметiне төлем өтінішін берген кезде орындалады.
      (3) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген шоттың жалғыз мақсаты Жапония Үкiметiнiң жапон йенiнде төлемдер алуы және Бекiтiлген келiсiм-шарттардың қатысушылары болып табылатын жапондық боданның ақы төлеуi болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебетке қатысты рәсiмдiк шаралар Банк пен Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе ол уәкiлеттiк берген орган арасындағы консультациялар жолымен келiсiледi.

      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметі мынадай шараларды:
      (а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант бойынша caтып алынған тауарларды уақытында кедендiк ресiмдеудi және iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету;
      (б) жапондық бодандарды Бекiтiлген келiсiм-шарт бойынша өнiмдердi жеткiзу мен қызметтерге байланысты Қазақстан Республикасында салынатын кедендiк баж, iшкi салықтар және өзге де қаржылық алымдардан босату;
      (с) Бекiтiлген Келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтердi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын жапондық бодандарға өз жұмыстарын орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және оның аумағында болу жағдайларын қамтамасыз ету;
      (д) Грант бойынша сатып алынған тауарлардың жобаны iске асыру мақсатында тиесiлі және тиiмдi ұсталатынын және пайдаланылатынын қамтамасыз ету;
      (e) Грантпен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығыстарды көтеру үшiн қажет шараларды қолданады.
      (2) Гpант бойынша сатып алынған тауарларды жөнелтудi және теңiздiк тасымал сақтандыруына қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарларды жөнелту және теңiздiк тасымалдау сақтандыру компанияларының арасында әдiл әрi еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгiлеуден бас тартады.
      (3) Грант бойынша сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасынан қайта экспортқа шығарылмайды.

      7. Осы келiсiмдерге байланысты туындауы мүмкiн мәселелер бойынша екi үкiмет бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi.
      Осы Нота мен Сiздің Жоғары мәртебеңiз Қазақстан Республикасы Үкiметінің атынан жоғарыда келтiрiлген келiсiмдi растайтын жауап Нотаңыз Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi үкiмет арасындағы бекiтiлген Келiсiм болып саналатындығын ұйғаруға маған құрмет көрсетiңiз.

      Сiздiң Жоғары мәртебеңiзге өзiмнiң терең құрметiме сенiм бiлдiру мүмкiндiгiн пайдалануыма рұқсат етiңiз.

Тосио ЦУНОДЗАКИ
Жапонияның Қазақстан
Республикасындағы
Төтенше және Өкілетті
елшiсi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады