"Адамның ұрпақ жаңғырту құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1410

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Адамның ұрпақ жаңғырту құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Адамның ұрпақ жаңғырту құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Заңы

      Бұл заң азаматтардың отбасын жоспарлауды, өзiнiң ұрпақ жаңғыртуды таңдау құқығын еркiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметті алу үшін жағдай жасау мақсатында халықтың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау жөнiндегi мемлекеттің кепілдемесін белгiлейдi.

1-бөлiм. Жалпы ережелер

      1-бап. Негiзгi ұғым
      Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар қолданылады:
      1) қосалқы ұрпақ жаңғырту әдiстерi - адамның ұрпақ жаңғырту қызметiн оңдауға бағытталған диагностика, емдеу және оңалту жөніндегі медициналық iс-шаралар кешенi;
      2) контрацепция - қаламаған жүктіліктi ескертудiң әдiстерi мен құралдары;
      3) жыныстық клеткалар - аталық (сперматозоидтар) жыныстық клеткалар және аналық (аналық бездер) жыныстық клеткалар;
      4) ұрпақ жаңғырту денсаулығы - ұрпақ жаңғыртуға қабiлеттiлігін анықтайтын жеке, психикалық денсаулығының жағдайы;
      5) ұрпақ жаңғырту таңдауы - азаматтардың некедегi және некеден тыс баланың тууы мен тууынан бас тартуына, бала көтеру және туу әдiстерiне, олардың санына, уақытына және туған жерiне, туу арасының жиілігiне қатысты шешiмдердi қабылдауы және iске асыруы;
      6) бала көтергiштік - адамның бала көтеру және туу қабiлетi болу кезеңi;
      7) бейiмдеу - генетикалық бiрдей дара түрлердi көбейту.

      2-бап . Адам ұрпақ жаңғырту құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiктерi туралы Қазақстан Республикасының Заңы
      1. Адамның ұрпақ жаңғырту құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктерi туралы Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының осы Заңынан және өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен белгiленген адамдардың ұрпақ жаңғырту құқықтары туралы өзге де құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында қаралса, онда халықаралық шарттың тәртiптерi қолданылады.

2-бөлiм. Азаматтардың ұрпақ жаңғырту құқығы саласында мемлекеттiк peттeу және басқару

      3-бап. Азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау саласында мемлекеттiк реттеу
      1. Мемлекеттiк реттеу мынадай негiзгi принциптердiң негiзінде жүзеге асырылады:
      ұрпақ жаңғыртушылықты таңдау ерiктілігi;
      азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын қорғау және ұрпақ жаңғырту құқығын сақтау жөнiндегi мемлекеттік кепiлдемелердi қамтамасыз ету;
      денсаулық сақтау ұйымдары көрсететiн кепiлдiк берілген медициналық көмектiң көлемi шегінде медициналық көмектің қолжетімділігi, сабақтастығы, тегiн болуы;
      дәрiгерлік, жеке, отбасылық және өзге де құпияларды сақтау.
      2. Азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік реттеудiң негiзгi бағыттары:
      азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау жүйесiн дамыту;
      азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығы саласында құқықтық негiздер мен заңдарды жетiлдiру;
      азаматтарды жыныстық қатынас және бала туу, психикалық белсендi заттардың терiс әсерi, олардың ұрпақ жаңғырту денсаулығы жағдайына қолайсыз экологиялық факторлар мәселелерi жөнiндегi ағартумен қамтамасыз ету;
      балалардың тууына азаматтардың саналы көзқарасын қалыптастыру;
      консультация, ағарту, отбасын жоспарлау жөнiндегi қызметтерiне қолжетімдiлiктi, жасанды ұрықтандыру және өзге де бала туу мүмкіндiктерi жөнiндегi медициналық қызметтердi енгізе отырып медициналық көмек көрсетудi қамтамасыз ету;
      азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығы саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдау;
      азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау, денi сау балаларды туу проблемаларын шешуге қоғамдық ұйымдарды және бұқаралық ақпарат құралдарын тарту болып табылады.

      4-бап. Азаматтардың ұрпақ жаңғырту құқығы саласында мемлекеттік басқару
      1. Азаматтардың ұрпақ жаңғырту құқығы саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Yкіметi, азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Pеспубликасының уәкiлеттi орталық атқару органы және жергіліктi өкілдік және атқарушы органдар жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      халықтың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтаудың бiрыңғай мемлекеттік саясатының және оны жүзеге асыру кепілдемесiнің негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      мемлекеттік бағдарламаны әзiрлейдi, Қазақстан Республикасының Президентіне бекiтуге ұсынады және олардың орындалуына жауапты болады;
      азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау жөнiндегi бағдарламаны бекiтедi.
      3. Азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқару органы:
      азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтаудың бiрыңғай мемлекеттiк саясатын жүргiзедi;
      салааралық үйлестіруді, сондай-ақ азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау жөнiндегi мемлекеттік, нысаналық және кешендік бағдарламаларды iске асыру жөніндегi қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      өзiнiң құзыретті шегінде азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілерді шығарады;
      азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау жүйесін дамыту жөнiндегi және отбасын жоспарлау жөнiндегi қызмет көрсету шараларын анықтайды;
      жергiлiктi атқарушы органдар арқылы денсаулық сақтаудың аумақтық органдары мен ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
      азаматтарды хирургиялық стерилизациялау, жүктілікті үзу, қан беру және жыныстық клеткаларды сақтау, ұрпақ жаңғыртудың қосалқы әдiстерiн қолданудың тәртiбi мен өткiзу жағдайын анықтайды;
      орталық атқару органымен бiрлесе отырып білім беру саласында адамгершілік-жыныс бiлім беру және кәмелeтке толмағандардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау жөнiндегi бағдарламаны әзiрлейдi;
      өзiнiң құзыретi шегiнде заңмен қаралған жағдайлардан басқа лицензиялауға жататын қызметтiң түрiне лицензия бередi.
      4. Жергiлiктi өкiлдiк және атқарушы органдары:
      ұрықсыздықтың алдын алу, денi сау халықты қалыптастыру, ұрпақ жаңғырту денсаулығын дамытуға және нығайтуға қабілеттi халықтың өмiр сүруiне қажеттi жағдай кешенiн қамтамасыз етедi;
      азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
      ұрпақ жаңғыpту денсаулығын сақтауға және аймақтық бағдарламаны iске асыруға арналған шығыстар бөлiгiндегi жергілікті бюджеттердi әзiрлейдi, бекiтедi және орындалуын қамтамасыз етеді;
      азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау саласындағы салааралық ынтымақтастықты дамыту;
      азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруда халықтың қатысуын ұйымдастырады.

3-бөлiм. Азаматтардың ұрпақ жаңғырту құқықтары және мiндеттерi

      5-бап. Азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау саласындағы құқықтары және мiндеттерi
      1. Азаматтар:
      ерiктi ұрпақ жаңғыртуды таңдау;
      ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау жөнiндегi қызмет алу;
      өзiнің ұрпақ жаңғырту денсаулығы, әдiстер, өзiнiң ұрпақ жаңғырту денсаулығы жағдайы туралы, сондай-ақ ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау жөнiндегi жоғары біліктi қызмет алу жағдайы туралы нақты және толық ақпарат алу;
      жүктілік кезеңiндегi, босану кезiндегi және босанғаннан кейінгі денсаулығын сақтау;
      ұрықсыздықты, оның iшiнде Қазақстан Республикасында рұқсат етiлген осы заманғы қосалқы ұрпақ жаңғырту әдiстерiн қолдану арқылы емдеу;
      жыныстық клеткалардың донорлығы;
      жыныстық клеткаларды сақтау;
      суррогат ана болу;
      контрацепция әдiсiн пайдалануға және еркiн таңдау;
      хирургиялық стерилизациялау;
      жүктілікті жасанды үзу құқығына ие.
      2. Азаматтар өзiнiң ұрпақ жаңғырту құқығын жүзеге асыру кезiнде өзге азаматтардың құқығы мен заңдық мүддесiн сақтауға мiндеттi.
      Азаматтардың өзінің ұрпақ жаңғырту құқығын жүзеге асыруы адамды бейiмдеуге тыйым салады.

      6-бап. Ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау
      Отбасын жоспарлауға және азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтауға байланысты қызмет көрсетудi мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары, жеке медициналық практикамен айналысатын жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етеді.
      Ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау жөнiндегi медициналық көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берiлген көлемi шегіндe денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

      7-бап. Әйелдердiң босануға дейiнгi және босанғаннан кейiнгі денсаулығы
      1. Әйел жүктiлiк кезеңiнде, босану кезiнде және босанғаннан кейiн Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етiлген әдiстердi қолдана отырып денсаулығын сақтауға және жәрдем алуға құқылы.
      2. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнің ұйымдарында жүктілерге, босанғандар мен босанатындарға мемлекеттік бюджет есебiнен медициналық, консультативтік және дәрілік көмек ұсынылады.

      8-бап. Бедеулiктi емдеу
      1. Азаматтар ағзасына әсер етуiне қатысты олардың тиімділігі, қолданудың оңтайлы мерзiмi, мүмкін болатын асқынулар, медициналық және құқықтық салдар және өзге де мәлiметтер туралы толық және түбегейлі ақпараттарды мiндеттi түрде ала отырып, заңға сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының уәкілеттi орталық атқару органы қолдануға рұқсат еткен Қазақстан Республикасының аумағында қосалқы ұрпақ жаңғырту технологиясын қолдану арқылы медициналық ұйымдарда қауiпсiз және тиiмдi әдiстермен бедеуліктi емдеуге құқығы бар.
      2. Тiркелген некеде тұрған азаматтар қосалқы ұрпақ жаңғырту технологиясын тек екi жақтың келісiмi бойынша ғана қолдануға құқылы.
      3. Емдеудiң қолайлы нәтижeci кезiнде қосалқы ұрпақ жаңғырту технологиясын пайдалануға келiсiм берушi адамдар өзiне Қазақстан Республикасының заңына сәйкес болашақ баланы асырау мен оның тәрбиесiне қатысты ата-аналардың тең құқығы мен мiндеттерiн қабылдайды.

      9-бап. Суррогат ана
      1. Суррогат ана әдiсi сыйлық ақы төлеу арқылы не онсыз балалы болғысы келетiн адамдардың шарты бойынша әйелдiң ұрықты көтеруiн және баланы тууын көздейдi.
      2. Суррогат ана шартының маңызды шарттарына:
      балалы болғысы келетiн осы тұлғалар және суррогат ана болғысы келетiн әйелдер;
      суррогат ананың сыйлық ақысы сомасына және бар болған жағдайда оны төлеу тәртiбiне ұсыным;
      суррогат ананы ұстауға материалдық шығыстарды төлеу тәртiбi мен шарты;
      суррогат анамен шарт жасасқан адамдар баладан және оны төлеу тәртiбiнен бас тартқан жағдайдағы төленетін өтемақы мөлшерi;
      екi жақтың құқықтары, мiндеттерi және жауапкершілiгi;
      eкі жақтың келісiмі бойынша өзге де шарттар жатады.
      Суррогат ананың шарты нотариальды куәландыруға жатады.
      3. Шарт жасасудан бұрын ана болғысы келетiн әйел суррогат ана әдiсiн қолдануға шешiм қабылдаған адамдарға өзiнiң жеке және психикалық денсаулығы, бала көтергіштігі, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеру нәтижелерi туралы толық ақпаратты ұсынуға мiндеттi. Суррогат ананың медициналық, оның ішінде медициналық-генетикалық тексеруден өтуiне байланысты материалдық шығыстарды онымен шарт жасасқан адамдар жауапкершілігіне алады.
      4. Суррогат ана:
      жүктіліктiң ерте мерзiмiнде (12 аптаға дейiн) медициналық есепке тұруға;
      дәрiгерде үнемi байқауда болуға және оның ұсыныстарын орындауға;
      үнемi өзiнiң денсаулық жағдайына қарауға;
      өзiмен шарт жасасқан адамдарға жүктiлiктiң өтуi туралы хабардар етiп отыруға мiндеттi.
      Суррогат ана туған баланы өзiмен шарт жасасқан адамдарға беруден бас тартуға, сондай-ақ ал өзге адамдарға беруге құқығы жоқ.
      5. Суррогат ана әдiсiн қолдануға шешiм қабылдаған адамдар оны пайдаланғаны үшін, сондай-ақ жүктілік, босану және босанғаннан кейiн 42 күн кезеңiнде (асқынған босану жағдайында - 76 күн кезеңiнде) ананың сауығуының материалдық шығыстарын жауапкершiлігiне алады.
      6. Суррогат анамен шарт жасасқан адамдар баладан бас тартқан жағдайда анадан медициналық тексеруге, қосалқы ұрпақ жаңғырту технологиясын қолдануға, сауықтыруға жұмсалған материалдық шығыстарды өзге де шығындарды, сондай-ақ осы сияқты сыйақы болса оның сомасын талап етуге құқығы жоқ.
      Суррогат анамен шарт жасасқан адамдар баладан бас тартқан жағдайда және ана баланы қабылдаған жағдайда бұл адамдар шартта белгiленген мөлшерде және тәртіпте өтемақы төлейдi.
      7. Суррогат анамен шарт жасасқан адамдар баладан бас тартқан жағдайда аналық құқығы суррогат анаға қалдырылады. Keйіннен анамен шарт жасасқан адамдар балаға және анаға қатысты бapлық құқыққа қарсы қолданған iс-әрекеттерi үшін заң актілерiнде белгiленген тәртiпте жауапқа тартылады.
      8. Суррогат ана баланы оның ата-анасына бергеннен кейiн осы балаға арналған барлық құқықтардан айырылады. Keйіннен бала мен оның ата-анасына қатысты кез-келген іс-әрекеті үшiн суррогат ана Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапқа тартылады.

      10-бап. Жыныстық клеткалар донорлығы
      1. Қазақстан Республикасының 18 жастан 25 жасқа дейінгі, жеке және психикалық денi сау, медициналық-генетикалық тексеруден өткен азаматтары жыныстық клеткалардың доноры болуға құқылы.
      2. Жыныстық клетканы алу және оларды сақтау жөнiндегi операцияларды жүргiзудiң тәртiбi мен жағдайын азаматтардың ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау саласында басшылық етуші Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқару органы белгiлейдi.

      11-бап. Контрацепцияны пайдалану
      1. Азаматтар контрацепция, оның iшiнде медицина әдiсiн таңдауға, сондай-ақ олардан бас тартуға құқылы. Азаматтарға денсаулық жағдайын, жасын және жеке ерекшелiктерін ескере отырып, қаламаған жүктілiктi болдырмаудың пайдалы әдiстерiн жеке iріктеу жөнiндегi медициналық-әлеуметтік, консультативтiк жәрдем көрсетiледi.
      2. Заңда белгiленген тәртiппен азаматтардың медициналық және әлеуметтік айғақтары болған жағдайда оларға қаламаған жүктілікті болдырмау заттарын тегiн ұсынуға құқылы.

      12-бап. Хирургиялық стерилизациялау
      1. Кәмелетке толған және өзі үшiн ұрпақ жаңғырту мәселесiн шешкен азаматтар қаламаған жүктілікті болдырмаудың хирургиялық әдiстерiн (хирургиялық стерилизациялау) ерiктi түрде қолдануға құқылы.
      2. Осы операцияның тұрлаулылығы туралы міндеттi алдын ала хабарлау арқылы осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық ұйымдарының мамандары азаматтардың тек жазбаша келiсiмдерi бойынша хирургиялық стерилизациялау жүргiзедi.
      3. Хирургиялық стерилизациялауды жүргiзу ережесiн азаматтар денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқару органы белгілейді.

      13-бап. Жүктілікті жасанды үзу (аборт)
      1. Әйел жүктілікті жасанды үзуге (аборт) құқылы.
      Жүктілікті жасанды үзудi болдырмау мақсатында дәрiгерлер моральдық-этикалық, психологиялық және терiс физиологиялық салдарды, мүмкін болатын аборт асқынуларын түсiндiруге бағытталған әңгiмелер өткiзуге мiндеттi.
      2. Жүктіліктi жасанды үзу әйелдiң қалауы бойынша:
      әлеуметтiк көрсеткiш бойынша етеккiр 20 күнге дейiн болмаған, етеккiрдiң 20 күннен 12 аптаға дейiн болмаған кезде, ал әйелдің өмiрiне қауіптi медициналық айғақтар болған және мерзiмiнен тәуелсiз оның келiсiмi болған кезде жүргiзiледi.
      3. Кәмелетке толмағандардың жүктiлiктiлiгiн жасанды үзу олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдeрдің келісімімен жүргiзiледi.
      4. Жүктілікті жасанды үзудi жүргiзудің жағдайы мен тәртiбi азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқару органы белгiлейдi.
      5. Жеке iрiктеу әдiстерi мен контрацепция құралдарын енгiзе отырып, емдеу-алдын алу ұйымдарында әйелдердің қалауы бойынша жүктіліктi жасанды үзуге дейiнгi және кейiнгi кезеңдерде медициналық-әлеуметтік консультация өткiзiледi.

3-бөлім. Қорытынды ережелер

      14-бап. Осы Заңды бұзу жауапкершiлiгі
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңның талаптарын бұзушылар жауапқа тартылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады