Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1418

      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына , "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес және материалдық әрi моральдық нұқсанды өтеу туралы азаматтық iс жүргiзу тәртiбiмен шығарылған сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметінiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қосымшаға сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшін 600 663 (алты жүз мың алты жүз алпыс үш) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2002 жылғы 29 желтоқсандағы 
N 1418 қаулысына    
қосымша         

Азаматтық iстер бойынша орындалуы
тиiс сот шешiмдерiнiң тiзбесi

------------------------------------------------------------------
Р/с! Сот органының атауы ! Талапкердің ! Мемлекеттік  !Мемлекеттік
N !және шешiм шығарылған!    Т.А.Ә.   !     баж      !баж (теңге)
   !        күн          !             !  шегерілген  !
   !                     !             ! сома (теңге) !
------------------------------------------------------------------
1.  Өскемен қалалық        Ю.А. Пащенко     100 000        663
    сотының 07.02.2001
    жылғы шешiмi
    Астана қаласы
    Алматы аудандық
    сотының 02.12.2002
    жылғы ұйғарымы

2.  Ақмола облыстық       Қ.Ғ. Сердалина    500 000         -
    соты төралқасының
    19.03.2002 жылғы
    шешiмi
    Астана қаласы
    Алматы аудандық
    сотының 02.12.2002
    жылғы ұйғарымы

Жиыны                                       600 000         663

Жалпы сомасы                                       600 663
------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады