Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің жекелеген телімдерін басқа сипаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1432

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің қосымшаға сәйкес алаңы 8,37 га жер телімі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан сауықтыру мақсатындағы жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2002 жылғы 29 желтоқсандағы  
N 1432 қаулысына     
қосымша       

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің сауықтыру мақсатындағы жерлер санатына ауыстырылатын жерлерінің экспликациясы

_______________________________________________________________
Телімнің N  Телімнің               оның ішінде
             жалпы    _________________________________________
           алаңы, га  ормандысы  құрылыстар   жолдар  басқалары
                                 орналасқаны  өтетіні
_______________________________________________________________
      62       8,37       7,92       0,24         0,08    0,13
_______________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады