Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 596 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1439

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығының 3, 18-баптарына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
 

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 596  қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      2-тармақта ", сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің, мемлекеттік кәсіпорындары қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдары үшін маңызды стратегиялық мәні бар ретінде олар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізуші болып белгіленсін".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады