Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 21 желтоқсан N 143ж

      Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізілсiн:
      көрсетiлген қаулыға 27-қосымшада:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 291632 мың теңге (екi жүз тоқсан бiр миллион алты жүз отыз екi мың теңге).";
      2-тармақ "; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 шiлдедегі N 775 қаулысы " деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар" деген 5-бағанындағы "159" деген сан "158" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады