Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 қазан N 143в

 


     Бюджеттік қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан

Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын

бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы

N 143 


P020143_


  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

     1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

     6-тармақтың кестесінде:

     010 "Кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау" деген

бағдарламасында:

     005 "Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру" деген кіші

бағдарламасында:

     5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

     "Біліктілікті арттырудың бекітілген жоспарына сәйкес Қазақстан

Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Фармация, фармацевтикалық

және медициналық өнеркәсіп комитетінің, Мемлекеттік

санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің, аумақтық бөлімшелердің

160 қызметкерінің біліктілігін көтеру";

     2) көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:

     6-тармақтың кестесінде:

     053 "Республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жасау"

деген бағдарламасында:

     5-бағанда: "16" деген сан "18" деген санмен ауыстырылсын;


 
       "аурухана" деген сөзден кейін "; Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана; Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) көрсетілген қаулыға 46-қосымшада:
      6-тармақтың кестесінде:
      059 "Онкологиялық ұйымдар үшін медициналық жабдықтарды

 

орталықтандырылған сатып алу" деген бағдарламасында:

     5-бағанда "Желілік үдеткіш - Онкология және радиология ҒЗИ 1" деген

сөздер "Онкология және радиология ҒЗИ: Желілік үдеткіш - 1; Зерттеу

микроскопы - 2; Автомат-зертханашы - 1; Микротом - 1; Криостат - 1;

Дірілдеткіш микротом пышақтарын қайрауға арналған аппарат - 1; Автостейнер

- 1; Фибродуоденоскоп - 1; Маммограф - 1; Хирургиялық сүйекті жинақ - 1;

Эндохирургиялық кешен - 1; Операция үстелі - 2" деген сөздермен

ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады