"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 ақпандағы N 150 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 17-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi" деген 5-тармақтағы "аумақтық органдарды ұйымдастыру техникалармен" деген сөздерден кейiн ", жиhазбен және тұрмыстық техникамен" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiндегi "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) жүзеге асыру жөнiндегi іс-шаралар" деген 5-баған "21 дана фaкc" деген сөздерден кейiн "1 дана көбейту-сызу аппаратын, 5 дана көшіру-көбейту аппаратын, 38 дана факсимильдiк аппарат, 18 дана кондиционер, 43 дана шкаф, 11 дана үстел, 10 дана орындық, 15 дана офистік жиhаздар жинағын, 7 дана жұмсақ жиhаз жинағын" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттiк бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақтағы "аумақтық бөлiмшелердi ұйымдастыру техникаларымен" деген сөздер "аумақтық органдарды ұйымдастыру техникаларымен, жиһазбен және тұрмыстық техникамен" деген сөздермен ауыстырылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі