Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 12 ақпандағы N 205 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 қыркүйек N 205б

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнің республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 12 ақпандағы N 205 P020205_ қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулының 4-қосымшасына:
      5-тармақ "қазақтарды" деген сөзден кейiн: ", соның iшiнде Түркiстан ауылының тұрғындарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтың кестесiндегi 1-жолда 5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қытайдан және жақын шет елдерден, соның iшiнде Түркiстан ауылынан қоныс аудару";
      "2002 жыл қыркүйек - желтоқсан";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 2002 жылы

 

келген оралмандар отбасыларының саны - 2655, соның ішінде Түркiстан

ауылынан келген отбасылар саны - 117, өз бетiмен келгендер - 2538; өз

бетiмен келгендердің көлiк шығындарын өтеу; 2002 жылғы көшiп келу квотасы

бойынша келгендерге бiржолғы жәрдемақы төлеудi қамтамасыз ету; Түркiстан

ауылынан келгендерге тұрғын үй сатып алу.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады