Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 ақпандағы N 208 P020208_ қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 1-тармақтағы "32" деген сан "33" деген санмен ауыстырылсын; қосымшаға сәйкес 33-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 сәуірдегі N 208а қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 ақпандағы N 208 қаулысына 33-қосымша Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 2002 жылға арналған 600 "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiн есептеу және ұйымдастыру техникаларымен қамтамасыз ету" республикалық бюджеттiк бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 39 836 мың теңге (отыз тоғыз миллион сегiз жүз отыз алты мың теңге).
2. Бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 U010573_ Жарлығы, "Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 қазандағы N 1501 P001501_ қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық
бюджеттiң қаражаттары. 4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: өзiне жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындауға қол жеткiзу үшiн министрлiктiң, оның аймақтық бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық базасын дамыту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: министрлiктi, оның аймақтық бөлiмшелерiн есептеу және ұйымдастыру техникаларымен қамтамасыз ету. 6. Бюджет бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары: --------------------------------------------------------------------------- N !Бағдар.! Кiшi !Бағдарламалар ! Бағдарламаларды !Жүзеге ! Жауапты !лама !бағдар.!(кiшi бағдар. !(кіші бағдарламаларды)!асыру ! атқарушы !коды ! лама !ламалар) атауы! жүзеге асыру !мерзiм.! ! ! коды ! ! жөнiндегi iс-шаралар ! дері ! --------------------------------------------------------------------------- 1 600 Қазақстан 123 дана компьютер, 1 2002 Қазақстан Республикасының дана сервер, 95 дана жыл Республи. Мәдениет, принтер, 4 дана сканер, бойына касы ақпарат және 7 дана ксерокс, 2 дана Мәдениет, қоғамдық модем, 11 дана үздiксiз ақпарат келiсiм қуат беру көздерi, және министрлiгiн 123 желi карталары, 80 қоғамдық есептеу және дана желi фильтрi, 5 келiсiм ұйымдастыру дана NUВ, 6000 метр министр. техникаларымен желiлiк кабель, 800 дана лігі қамтамасыз ету. арна кабелi (2 метр), 8 дана бағдарламалық өнiмдер алу. --------------------------------------------------------------------------- 7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi аппаратын, оның аймақтық бөлiмшелерiн есептеу, ұйымдастыру техникаларымен қамтамасыз ету және оның жұмысының тиiмдiлігін арттыру. Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.