Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 ақпандағы N 208 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 13-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
046-бағдарламаның 031-кiшi бағдарламасының 5-бағанында:
"Ресей Федерациясында" деген сөздердiң алдынан "Катарда және" деген сөздермен толықтырылсын;
"Yндiстанда Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасында Yндiстан және Қытай" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға 15-қосымшада:
"бюджеттiк бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
052-бағдарламаның 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Фильмдер шығару:
көркем фильмдер:
"Сардар", "Көшпендiлер", "Остров возрождения", "Маленькие люди";
хроникалық-деректi фильмдер:
"Два мастера", "Ардагер", "Махамбет Өтемiсов", "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу", "Звезды мирового бокса", "Из глубины Воззвах", "Кинолетопись";
анимациялық фильмдер:
"Құйыршық", "Ақсақ құлан";
"Молитва Лейлы", "Сағыныш" фильмдерiн аяқтау";
3) көрсетiлген қаулыға 20-қосымшада:
5-тармақтағы "әдебиеттер" деген сөзден кейiн "және өзге де негiзгi активтер" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттiк бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
201-бағдарламаның 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Негiзгi активтердi сатып алу: сыйымдылығы 6/32 электронды ATC GHX (Gold Star); сирек қорды сақтау жөнiндегi практикалық қызмет үшiн құжаттарды консервациялау зертханасына арналған жабдықтар (4 литрлiк дестилятор, улы және зиянды заттармен жұмыс iстеуге арналған тартпа шкаф, электронды таразылар, кiтаптарды дезинфекциялауға арналған камера, кептiргiш шкаф, тартпа шкаф); шағын нысандарды оқу мен басып шығаруға арналған әмбебап аппараттар; "Рабис" бағдарламасын енгiзуге арналған Pentium IV cepвepi, бөлушi шкаф (сервермен бiрге сатып алынады, 2 дана)".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі