2002 жылы республика аумағында дәндi дақылдардың тат ауруларының жаппай таралуына байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 18 ақпандағы N
228
қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 31-қосымшада:
"бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген
6-тармағында:
реттiк нөмiрi 2-жолда:
5-бағанда:
"1,5 млн. гектар алаңда" деген сөздер "шамамен 1,7 млн. гектар
алаңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
"шамамен 3,4 млн.гектар алаңда" деген сөздер "шамамен 3,6 млн. гектар
алаңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағанда "1-2 тоқсанда" деген сөздер "1-3 тоқсанда" деген сөздермен
ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева А.Ж.