Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 наурыздағы N 306 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 10 мамыр N 306а. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 қарашадағы N 58a қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 14 наурыздағы N 306 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақтағы 1-6 деген сандар 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 деген сандармен ауыстырылсын;
      осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес 7, 8, 9-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң  
2002 жылғы 10 мамырдағы      
N 306а қаулысына        
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2002 жылғы 14 наурыздағы      
N 306 қаулысына          
7-қосымша          

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерi

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiн есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету" 600 республикалық бюджеттiк бағдарламасының 2002 жылға арналған ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 2550000 (екі миллион бес жүз елу мың) теңге.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 11 сәуiрдегi N 370қ Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 892 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiн компьютерлік техникамен қамтамасыз ету және бағдарламалық қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: осы бағдарламаны іске асыру қызметтік ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, бухгалтерлік есепті жүргізу, нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін қажет.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:

N  !Бағ.!Бағ.!  Бағдарлама  !      Бағдарламаны     !  Iске  !   Жауапты
   !дар.!дар.!(бағдарламаша)!    (бағдарламашаны)   !  асыру ! орындаушылар
   !лама!лама!     атауы    !       iске асыру      ! мерзiм.!
   !коды!ша  !              !        жөнiндегi      !  дерi  !
   !    !коды!              !       іс-шаралар      !        !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2  ! 3  !       4      !            5          !    6   !      7
---------------------------------------------------------------------------
1   600       Мемлекеттiк    5 бірлік жеке                    Қазақстан
              құпияларды     компьютер, 6 бірлік              Республика.
              қорғау         принтер, 1 бірлік сервер,        сының
              жөніндегі      1 бірлік көшіру                  Мемлекеттік
              агенттікті     аппаратын, 5 бірлік              құпияларды
              есептеу және   коммутатор, 2 бірлік             қорғау
              ұйымдастыру    бағдарламалық                    жөніндегі
              техникасымен   қамтамасыз ету сатып             агенттігі
              қамтамасыз ету алу

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: осы бағдарламаны іске асырған жағдайда қызметтік ақпараттың сақталуын, жинауды, өңдеуді, сақтауды сенімді қамтамасыз ету күтіледі.

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң  
2002 жылғы 10 мамырдағы       
N 306а қаулысына         
2-қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2002 жылғы 14 наурыздағы      
N 306 қаулысына          
8-қосымша          

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерi

"Мемлекеттiк фельдъегерлік қызметті есептеу және ұйымдастыру
техникасымен қамтамасыз ету" 601 республикалық бюджеттiк
бағдарламасының 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 1115000 (бір миллион бір жүз он бес мың) теңге.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Байланыс туралы" 1999 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы; Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 12 тамыздағы N 668-26қ қаулысы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлік қызметін компьютерлік техникамен қамтамасыз ету және бағдарламалық қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: осы бағдарламаны іске асыру қызметтік ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, бухгалтерлік есепті жүргізу, нормативтік құжаттарды әзірлеу, фельдъегерлік, әуе және темір жол бағыттарын есепке алу және әзірлеу, арнайы бөлімді компьютермен қамсыздандыру үшін қажет.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
N !Бағ.!Бағ.!  Бағдарлама  !      Бағдарламаны     !  Iске  !   Жауапты
   !дар.!дар.!(бағдарламаша)!    (бағдарламашаны)   !  асыру ! орындаушылар
   !лама!лама!     атауы    !       iске асыру      ! мерзiм.!
   !коды!ша  !              !        жөнiндегi      !  дерi  !
   !    !коды!              !       іс-шаралар      !        !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2  ! 3  !       4      !            5          !    6   !      7
---------------------------------------------------------------------------
1   601       Қазақстан      5 бірлік компьютер,              Қазақстан
              Республикасы.  5 бірлік принтер,                Республика.
              ның            1 бірлік бағдарламалық           сының
              Мемлекеттік    қамтамасыз ету сатып             Мемлекеттік
              фельдъегерлік  алу                              фельдъегерлік
              қызметін                                        қызметі
              есептеу және
              ұйымдастыру
              техникасымен
              қамтамасыз ету
---------------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: осы бағдарламаны іске асырған жағдайда үкіметтік хат-хабарлардың сақталуын, құпиялылығын, қызметтік ақпаратты жинауды, өңдеуді және сақтауды, бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыруды жеделдетуді сенімді қамтамасыз ету күтіледі.

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң  
2002 жылғы 10 мамырдағы      
N 306а қаулысына        
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2002 жылғы 14 наурыздағы      
N 306 қаулысына          
9-қосымша          

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерi

"Мемлекеттiк органдарда Ақпаратты техникалық қорғау орталығын есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету" 602 республикалық бюджеттiк бағдарламасының 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 920000 (тоғыз жүз жиырма мың) теңге.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 11 сәуiрдегi N 370қ Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң "Ақпараттарды техникалық қорғау орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2000 жылғы 12 сәуірдегі N 557 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Ақпаратты техникалық қорғау орталығын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: осы бағдарламаны іске асыру қызметтік ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, бухгалтерлік есепті жүргізу, нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін қажет.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
N !Бағ.!Бағ.!  Бағдарлама  !      Бағдарламаны     !  Iске  !   Жауапты
   !дар.!дар.!(бағдарламаша)!    (бағдарламашаны)   !  асыру ! орындаушылар
   !лама!лама!     атауы    !       iске асыру      ! мерзiм.!
   !коды!ша  !              !        жөнiндегi      !  дерi  !
   !    !коды!              !       іс-шаралар      !        !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2  ! 3  !       4      !            5          !    6   !      7
---------------------------------------------------------------------------
1   602       Ақпаратты      5 бірлік жеке компьютер, Бірін. "Қазақстан
              техникалық     3 бірлік принтер         ші      Республикасы
              қорғау         сатып алу                жарты   Мемлекеттік
              орталығын                               жылдық  құпияларды
              есептеу және                                    қорғау
              ұйымдастыру                                     жөніндегі
              техникасымен                                    агенттігінің
              қамтамасыз ету                                  "Ақпаратты
                                                              техникалық
                                                              қорғау
                                                              орталығы"
---------------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: осы бағдарламаны іске асырған жағдайда олар ақпараттың сақталуын, жинауды, өңдеуді, сақтауды және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыруды сенімді қамтамасыз ету күтіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады