2003 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу және қызмет көрсету көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдігі бар мемлекеттiк емес заемдар бойынша заемшылардың тiзбесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 14 қаңтар N 3

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы
N 88 қаулысымен бекiтiлген Үкiметтiк заемдарды, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын және мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету ережесiне сәйкес кредиторлар алдындағы мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған 2003 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу және қызмет көрсету көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес заемдар бойынша заемшылардың тiзбесi бекітiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің            
2003 жылғы "14" қаңтардағы   
N 3 қаулысымен         
бекітілген          

2003 жылға арналған республикалық бюджетте
өтеу және қызмет көрсету көзделген Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк кепiлдігi бар мемлекеттiк емес заемдар бойынша заемшылардың тiзбесi

1. "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы
2. "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамы
3. "Замангер" шағын жеке кәсіпорны
4. "Рахат" қазақ-австрия бiрлескен кәсiпорны" жабық акционерлiк
қоғамы
5. "Екібастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы
6. "Конденсат" акционерлiк қоғамы
7. "Пеноконцентрат" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
8. "Промпластмасса" жауапкершiлігі шектеулi серiктестiгi
9. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесi комитетінiң "Еңбек-Алмас" және "Еңбек-Гранит" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары)
10. "Батыс" ашық акционерлiк қоғамы
11. "Қазақ Аджанта Фарма Лимитед" бiрлескен кәсiпорны
12. "Алматы қаласы әкiмiнiң аппаратын күрделi құрылыс кәсiпорны мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны
13. "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
14. "Kazakhstan Airlines" ашық акционерлiк қоғамы
15. "Отель Астана" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы
16. "Айт-Отель" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы
17. "Эмсаш Инвест" жауапкершiлігі шектеулi серiктестігі
18. "Премьер Медеу" қонақ үй кешенi" жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiгi
19. "Мақсат" акционерлiк қоғамы
20. "Игiлiк" акционерлiк қоғамы
21. "Жеңiлөнеркәсiп" акционерлiк компаниясы
22. "Байланыс-Құрылысшы" мемлекеттік акционерлік компаниясы
23. "Окан Қазинтер" қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны" жабық акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады