Yкiметтiк заемдарды, жергілiктi атқарушы органдардың заемдарын және мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 қаңтар N 88. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.02.2005 N 110 қаулысымен.

      "Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы  Z990464_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса беріліп отырған Үкiметтік заемдарды, жергіліктi атқарушы органдардың заемдарын және мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қатысуымен бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсету ережесiн әзiрлеу ұсынылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                          Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметiнің
                                         2002 жылғы 23 қаңтардағы
                                              N 88 қаулысымен
                                                   бекiтiлген     

Yкiметтік заемдарды, жергілiктi атқарушы органдардың заемдарын және мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету ережесi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы  Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Yкiметінің заемдарын (бұдан әрi - үкiметтiк заемдар), Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының заемдарын (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдардың заемдары) және мемлекеттiк кепілдiктерi бар мемлекеттiк емес заемдарды (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген заемдар) жоспарлаудың, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден өтеудi және оларға қызмет көрсетудi жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi. 
      2. Үкiметтiк заемдарды, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын жоспарлау, өтеудi және оларға қызмет көрсетудi жүзеге асыру рәсiмдерi заем не мемлекеттiк эмиссияланған бағалы қағаздар эмиссиясы туралы келiсiмдер (шарттар) жасасу нысанында қарыз капиталының iшкi және сыртқы рыноктарында қарыз алу жолымен тартылған заемдар үшiн бiрыңғай. 

2. Үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi төлемдердi жоспарлау 

      3. Yкiметтiк заемдарды алдағы өтеудiң және оларға қызмет көрсетудің көлемiн жоспарлауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржы министрлiгi) үкiметтiк заемдарды өтеудің және оларға қызмет көрсетудiң алдағы көлемiнiң болжамды есептеулерi негiзiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу шеңберiнде жыл сайын жүргiзедi. 
      4. Жүргiзiлетiн есептеулер есеп айырысу алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша үкiметтiк борыш мониторингiнiң деректерiне, қолданылып жүрген, ағымдағы және жоспарлы жылы тарту ұйғарылатын үкiметтiк заемдардың қаражатын игеру болжамына, макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамдарына негiзделедi. 
      5. Қолданылып жүрген, ағымдағы және жоспарлы жылы тарту ұйғарылатын үкiметтiк заемдардың қаражатын игеру болжамын үкiметтiк заемдардың қаражаты есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды iске асыру кестелерiн, сондай-ақ жоспарлы жылы республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру көлемiнiң болжамын ескере отырып, Қаржы министрлiгі анықтайды. 
      6. Жоспарлы жылғы республикалық бюджет тапшылығының көлемi, негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер, ұлттық валютаның бағамы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы индикативтiк жоспарының өлшемдерiмен анықталады. 
      7. Жоспарлы жылы үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету көлемдерiнiң есептеулерiн Қаржы министрлiгi былайша жүргiзедi: 
      1) әрбiр қолданылып жүрген үкiметтiк заем бойынша заемның игерiлмеген қаражатын игеру көлемiн жылдар бойынша болжамды бөлу жүргiзiледi; 
      2) заем, мемлекеттiк эмиссияланған бағалы қағаздар эмиссиясы туралы келiсiмнiң (шарттың) ережелерi негiзiнде үкiметтiк заем бойынша борышты өтеу мерзiмдерi мен көлемдерi анықталады; 
      3) үкiметтiк заем бойынша борыш сомасының өзгеру серпiнiн есептеу жүргiзiледi; 
      4) заем, мемлекеттiк эмиссияланған бағалы қағаздар эмиссиясы туралы келiсiмнiң (шарттың) негiзiнде сыйақы (мүдде) төлемдерiнiң, комиссиялық және өзге де төлемдер мерзiмдерi мен көлемдерiнiң есебi жүргiзiледi. Егер заем туралы келiсiмде (шартта) өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген есептеулер заем беру валютасымен жүзеге асырылады; 
      5) шетелдiк валютада тартылған үкiметтiк заемдарды өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң көлемдерi теңгелiк баламада қайта есептеледi. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi есеп айырысу алдындағы тоқсанның соңында белгiлеген шетелдiк валюталардың теңгеге бағамы және жоспарлы жылға арналған АҚШ долларының теңгеге болжамды орташа жылдық бағамы пайдаланылады. 
      6) тарту ұйғарылып отырған үкiметтiк заемдардың қаражатын игеру көлемдерiнiң болжамы негiзiнде, заемдарды ұсыну мен сыйақы (мүдде) ставкаларының орташа шарттары пайдаланыла отырып, тарту ұйғарылып отырған үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету мерзiмдерi мен көлемдерiн есептеу жүргiзiледi. 
      8. Үкiметтiк заемдарды өтеудің және оларға қызмет көрсетудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн есептеу негiзiнде Қаржы министрлiгi жоспарлы жылы үкiметтiк заемдарды өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн анықтайды. 
      9. Жоспарлы жылы үкiметтік заемдарға қызмет көрсетудiң жалпы көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында жеке бюджеттiк бағдарлама бойынша көрсетiледi. Yкiметтiк заемдарды өтеудiң жалпы көлемi республикалық бюджетте "Бюджет тапшылығын (профицитiн пайдалануды) қаржыландыру" бөлiмi бойынша көрсетiледi. 

3. Мемлекет кепілдiк берген заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi төлемдердi жоспарлау 

      10. Мемлекет кепілдiк берген заемдарды республикалық бюджеттен алдағы өтеудiң және оларға қызмет көрсетудің көлемiн жоспарлауды Қаржы министрлiгi мемлекет кепiлдiк берген заемдарды республикалық бюджеттен алдағы өтеудің және оларға қызмет көрсетудiң көлемiн болжамды есептеудің негiзiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу шеңберiнде жыл сайын жүргiзедi. 
      11. Жүргiзiлетiн есептеулер есеп айырысу алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша мемлекет кепілдiк берген борыш мониторингiнiң деректерiне, қолданылып жүрген мемлекет кепілдiк берген заемдардың қаражатын игеру болжамына, мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындаудың мүмкiндiгiн бағалауға негiзделедi. 
      12. Жоспарлы жылы мемлекет кепілдiк берген заемдарды республикалық бюджеттен өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң көлемiн есептеудi Қаржы министрлiгi былайша жүргiзедi: 
      1) мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсетуге уәкiлеттiк берiлген екiншi деңгейдегi банктердiң ақпараты негiзiнде, әрбiр қолданылып жүрген мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша заемның қаражатын игеру көлемiн жылдар бойынша болжамды бөлу жүргiзiледi; 
      2) заем туралы келiсiмнің (шарттың) ережелерi негiзiнде мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша борышты өтеу мерзiмдерi мен көлемдерi анықталады; 
      3) мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша борыш сомасының өзгеру серпiнiн есептеу жүргiзiледi; 
      4) заем туралы келiсiмнiң (шарттың) ережелерi негiзiнде сыйақы (мүдде) төлемдерiнiң, комиссиялық және өзге де төлемдер мерзiмдерi мен көлемдерiн есептеу жүргiзiледi. Егер заем туралы келiсiмде (шартта) өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген есептеулер заем беру валютасымен жүзеге асырылады; 
      5) шетелдiк валютада тартылған мемлекет кепiлдiк берген заемдарды өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң көлемдерi теңгелiк баламада қайта есептеледi. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi есеп айырысу алдындағы тоқсанның соңында белгiлеген шетелдiк валюталардың теңгеге бағамы және жоспарлы жылға арналған АҚШ долларының теңгеге болжамды орташа жылдық бағамы пайдаланылады. 
      13. Алынған мерзiмдер мен көлемдердiң, мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау мүмкiндiгiн бағалаудың негізiнде Қаржы министрлiгi жоспарлы жылы республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген заемдарды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстардың жылдық көлемiн анықтайды. 
      14. Жоспарлы жылы мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған республикалық бюджет шығыстарының жылдық көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында жеке бюджеттiк бағдарламада көрсетiледi. 

4. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi төлемдердi жоспарлау 

      15. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын алдағы өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң көлемiн жоспарлауды жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң алдағы көлемiнiң болжамды есептеулерi негiзiнде тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу шеңберiнде жыл сайын жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi. 
      16. Жүргiзiлетiн есептеулер есеп айырысу алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың борыш мониторингiнiң деректерiне, қолданылып жүрген ағымдағы және жоспарлы жылы тарту ұйғарылатын жергiлiкті атқарушы органдардың заем қаражатын игеру болжамына, жергiлiктi бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiне негiзделедi. 
      17. Алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттің болжамды көрсеткiштерi жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтетiн аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының өлшемдерiмен анықталады. Жоспарлы жылы ұлттық валютаның бағамы Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы индикативтік жоспарының өлшемдерiн ескере отырып, анықталады. 
      18. Жоспарлы жылы жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсету көлемдерiн есептеу былайша жүргiзiледi: 
      1) жергiлiктi атқарушы органның әрбiр қолданылып жүрген заемы бойынша заемның игерiлмеген қаражатын игеру көлемiн жылдар бойынша болжамды бөлу жүргiзiледi; 
      2) заем, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясы туралы келiсiмнiң (шарттың) ережелерi негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның заемы бойынша борышты өтеу мерзiмдерi мен көлемдерi анықталады; 
      3) жергiлiктi атқарушы органның заемы бойынша борыш сомасының өзгеру серпінін есептеу жүргiзiледi; 
      4) заем, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясы туралы келiсiмнiң (шарттың) ережелерi негiзiнде сыйақы (мүдде) төлемдерiнiң, комиссиялық және өзге де төлемдер мерзiмдерi мен көлемдерiн есептеу жүргiзiледi. Егер заем туралы келiсiмде (шартта) өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген есептеулер заем беру валютасымен жүзеге асырылады; 
      5) шетелдiк валютада тартылған жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң көлемдерi теңгелiк баламада қайта есептеледi. Бұл ретте Ұлттық Банктің есеп айырысу алдындағы тоқсанның соңында белгiлеген шетелдiк валюталардың теңгеге бағамы және жоспарлы жылға арналған АҚШ долларының теңгеге болжамды орташа жылдық бағамы пайдаланылады. 
      6) тарту ұйғарылып отырған жергiлiктi атқарушы органдардың заем қаражатын игеру көлемдерiнің болжамы негiзiнде заемдар берудiң орташа шарттары мен сыйақы (мүдде) ставкаларын пайдалана отырып, тарту ұйғарылып отырған жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсету мерзiмдерi мен көлемдерiн есептеу жүргiзiледi. 
      19. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң мерзiмдерi мен көлемдерi негiзiнде жоспарлы жылы жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң жалпы көлемi анықталады. 
      20. Жоспарлы жылы жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарына қызмет көрсетудiң жалпы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттерде жеке бюджеттiк бағдарламада көрсетiледi. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеудiң жалпы көлемi жергiлiктi бюджеттерде "Бюджет тапшылығын (профицитiн пайдалануды) қаржыландыру" бөлiмiнде көрсетiледi. 

5. Үкiметтiк заемдарды өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң тәртiбi 

      21. Yкiметтiк сыртқы заемдарды өтеудi және оларға қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражаттың есебiнен Қаржы министрлiгi жүзеге асырады. 
      22. Қаржы министрлiгi ағымдағы айдың 25-күнiне дейiн, ай сайын қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша, алдағы айға арналған үкiметтiк заемдарды және мемлекет кепiлдiк берген Қазақстан Республикасының борышын өтеуге әрi оларға қызмет көрсетуге арналған өтiнiмдi (бұдан әрi - өтінім) жасайды, оған сәйкес белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттiң ақшасын осы жұмсауға қазынашылық рұқсаттар ашылады. Өтiнiм үкiметтiк заемдарды өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң нақтыланған мерзiмдерi мен көлемдерiн ескере отырып жасалады және төлемнiң түрiн, төлемнің валютасын, төлемдi алушыларды-несие берушiлердi көрсете отырып, күндерi бойынша әрбiр заем жөнiндегi төлемдердiң болжамын қамтиды. 
      23. Қаржы министрлiгi тиiстi айда үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi алдағы төлемдер көлемiнiң республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының айлар бойынша тiзiмдемесiне сәйкестiгiн тексередi және тiзiмдемеде бекiтiлген көлемге сәйкес келмеген жағдайда, республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының айлар бойынша тiзiмдемесiне тиiстi өзгерiстер енгiзедi. 
      24. Yкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi төлемдердi дайындауды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қаржы министрлiгi несие берушiлерден ақы төлеуге шоттардың, төлем ведомостарының және төлемдердi жүргiзу үшiн қажеттi басқа да құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру жөнiндегi жұмысты жүргiзедi. 
      25. Қаржы министрлiгi несие берушiлер ұсынған шоттар мен төлем ведомостарында көрсетiлген төлем күнiнiң, сомасының, түрінің, валюталарының, төлемдi алушылардың заем туралы келiсiмдердiң (шарттардың) ережелерiне, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясының нәтижесiне сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады. 
      26. Төлеуге ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарында көрсетiлген төлемнiң күні, сомасы, түрi, валюталары, төлемдi алушылардың заем туралы келiсiмдердің (шарттардың) ережелерiне, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясының нәтижесiне сәйкес келмейтiнi анықталған жағдайда, Қаржы министрлiгi несие берушiлермен өзара iс-қимылда несие берушiлер ақы төлеуге ұсынған шоттар мен төлем тiзiмдемелерiн нақтылау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады. 
      27. Заем туралы келiсiмдерде (шарттарда) және мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясының ережелерiнде үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша анықталған төлем мерзiмiнде Қаржы министрлiгi заемдар туралы келiсiмдердiң (шарттардың) ережелерiне, мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының нәтижесiне сәйкес үкiметтiк заемның сәйкестендiру нөмiрi, бенефициары, төлем деректемелерi, төлемнiң түрi, сомасы, валютасы, күнi көрсетiлетiн төлем құжаттарын ресiмдейдi және Ұлттық Банкке жiбередi. 
      28. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде Ұлттық Банк Қаржы министрлiгiнiң банктiк шотынан талап етiлетiн көлемде және валютада несие берушiлердiң банктiк шоттарына ақша аударуды жүргiзедi және Қаржы министрлiгiне төлем жүргiзу фактiсi туралы жазбаша хабарлама тапсырады. 
      29. Үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi операцияларды Қаржы министрлiгi тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi төлемдердi шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда, көрсету осы операцияларды жүзеге асыруға қажеттi валюталарды сатып алу күнiне Ұлттық Банктiң ресми бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi. 

6. Мемлекет кепілдiк берген заемдарды өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң тәртiбi 

      30. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды республикалық бюджеттен өтеу және оларға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысы болған кезде жүзеге асырылады. 
      31. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгеннен кейiн Қаржы министрлiгi тиiстi қаржы жылының 1 наурызына дейiн мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес заемдар бойынша заемшылардың тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және енгiзедi. Мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша көрсетiлген тiзбеге енген заемшылар үшiн өтеудi және қызмет көрсетудi Қаржы министрлiгi тиiстi қаржы жылының iшiнде заем туралы шартта (келiсімде) белгiленген мерзiмде және көлемде несие берушiлердiң шоттары негiзiнде республикалық бюджеттен жүзеге асырады. 
      32. Мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша көрсетiлген тiзбеге енбеген заемшылар үшiн республикалық бюджеттен төлемдер туралы шешiм мынадай тәртiппен қабылданады: 
      1) мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарға қызмет көрсетуге уәкiлеттiк берiлген екiншi деңгейдегi банк Қаржы министрлiгiне осындай төлемдер басталған күнге дейiнгi 30 күннен кешiктiрмей мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша республикалық бюджеттен кезектi төлемдердi жүргiзудiң қажеттiлiгi туралы қорытындыны ұсынады; 
      2) ұсынылған қорытындылардың негiзiнде 15 күн ішінде Қаржы министрлiгi мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша көрсетiлген заемшылар үшiн төлемдердi республикалық бюджеттен төлеудi жүргiзудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және қарауға енгiзедi; 
      3) Қаржы министрлiгi, мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсетуге уәкiлеттiк берiлген екiншi деңгейдегi банк, мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша заемшылар арасында республикалық бюджеттен оқшауландырылған ақшаны қайтарудың шарттары, мерзiмi, тәртiбi анықталатын (нақтыланатын) тиiстi, оның iшiнде бұрын ресiмделгендерiне қосымша келiсiмдер жасалады. 
      33. Қаржы министрлiгi ағымдағы айдың 25-күнiне дейiн ай сайын қосымшаға сәйкес алдағы айға арналған мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау жөнiндегi төлемдерге өтінім жасайды, оған сәйкес белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттің ақшасын осы жұмсауға арналған қазынашылық рұқсаттар ашылады. Өтінім мемлекет кепілдiк берген заемдарды өтеудiң және оларға қызмет көрсетудің нақтыланған мерзiмдерi мен көлемдерiн ескере отырып жасалады және төлемнiң түрiн, төлемнiң валютасын, төлемдi алушыларды-несие берушiлердi көрсете отырып, күндерi бойынша әрбiр заем жөнiндегi төлемдердiң болжамын қамтиды. 
      34. Қаржы министрлiгi тиiстi айда мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау жөнiндегi алдағы төлемдер көлемiнiң республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының айлар бойынша тiзiмдемесiне сәйкестiгiн тексередi және тiзiмдемеде бекiтiлген көлемге сәйкес келмеген жағдайда, республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының айлар бойынша тiзiмдемесiне тиiстi өзгерiстер енгiзедi. 
      35. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы болған кезде, ақы төлеуге несие берушiлер (заем берушiлер) ұсынған және Қаржы министрлiгi тексерген шоттардың негiзiнде, Қаржы министрлiгi заемдар туралы келiсiмдердiң (шарттардың) ережелерiне сәйкес мемлекет кепiлдiк берген заемның сәйкестендiру нөмiрi, бенефициары, төлем деректемелерi, төлемнiң түрi, сомасы, валютасы, күнi көрсетiлетiн төлем құжаттарын ресiмдейдi және Ұлттық Банкке жiбередi. 
      36. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде, Ұлттық Банк Қаржы министрлiгiнiң банктiк шотынан талап етiлетiн көлемде және валюталарда несие берушiлердiң банктiк шоттарына ақша аударуды жүргiзедi және Қаржы министрлiгiне төлем жүргiзу фактiсi туралы жазбаша хабарлама тапсырады. 
      37. Мемлекет кепілдiк берген заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi операцияларды Қаржы министрлiгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, мемлекет кепiлдiк берген заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi төлемдер шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда, көрсету операцияларды жүзеге асыруға қажеттi валюталарды сатып алу күнiне Ұлттық Банктiң ресми бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi. 
      38. Мемлекет кепілдiк берген заемдар бойынша заемшылар республикалық бюджеттен оқшауландырылған ақшаны қайтару туралы жасалған келiсiмдердi орындамаған жағдайда, Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттен оқшауландырылған ақшаны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен өндіріп алу жөнінде талап қою-қуыну жұмысын жүргізеді. 

7. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсету тәртiбi

        39. Жергілiкті атқарушы органдардың заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсетудi екiншi деңгейдегi банк, Ұлттық Банкпен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар тартқан тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырады. 
      40. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi төлемдердi белгiленген мерзiмде және қажеттi көлемдерде дайындауды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар несие берушiлердiң шоттарының, төлем ведомостарының және төлемдердi жүргiзу үшiн қажеттi басқа құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi. 
      41. Жергiлiктi атқарушы органдар төлеуге ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарында көрсетiлген төлемнiң күні, сомасы, түрi, валюталары, төлемдi алушылардың заем туралы келiсiмдердiң (шарттардың) ережелерiне, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясының нәтижесiне сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады. 
      42. Жергiлiктi атқарушы органдар төлеуге ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарында көрсетiлген төлемнiң күнi, сомасы, түрi, валюталары, төлемдi алушылардың заем туралы келiсiмдердiң (шарттардың) ережелерiне, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясының нәтижесiне сәйкес келмейтін анықталған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар несие берушiлермен өзара iс-қимыл жасап, ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарын нақтылау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады. 
      43. Заем туралы келiсiмдерде (шарттарда) және мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясының ережелерiнде анықталған төлем мерзiмiнде жергiлiктi атқарушы органдар талап етiлетiн көлемде және валюталарда жергiлiктi атқарушы органның заемдарына қызмет көрсету үшiн Ұлттық Банкпен келiсiм бойынша екiншi деңгейдегi банк арқылы несие берушiлердiң шоттарына ақша аударуды қамтамасыз етедi. 
      44. Осы операцияларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң кассалық атқарылуында теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, төлемдер шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда, көрсету операцияларды жүзеге асыруға қажеттi валюталарды сатып алу күнiне Ұлттық Банктiң ресми бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi. 
      45. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi атқарушы органдардың борыш мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiнде жүргiзiлген төлемдердi есепке алуды жүргiзедi. 

                                                 Қосымша

                                                "Бекітемін"
                                          Қазақстан Республикасының
                                                Қаржы министрі
                                                      __________
                                           200_ж "__"______________

      Республикалық бюджеттік қаражатынан Қазақстан Республикасының
үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышына қызмет көрсетуге,
өтеуге арналған өтінім Дамудың ресми көмек заемдары, жеке
несиелер және ішкі борышы бойынша 01 __ __ бастап 01 __ __ қоса
            алғандағы (_________ға) алдағы төлемдер
____________________________________________________________________
Функ.!Кіші !Мекеме!Бағ.!Кіші!Ерек.!Атауы !  Жеке  ! Импор.  ! Валюта
топ  !функ.!      !дарла.!бағ.!шелік!    ! несие  !тер кәсіп!
     !ция  !      ! ма   !дар.!     !    !келісі. ! орын    !
     !     !      !      !лама!     !    !мінің N !         !
____________________________________________________________________
1     2     3      4      5     6      7      8         9      10
____________________________________________________________________
 
   таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
Төлем!         Төлем          !    Оның ішінде (төлем  !
күні !        сомасы          !      валютасында)      !   Ескерту
     !                        !                        !
     !_______________________ !________________________!
     !Төлем  !Доллар.!Теңгемен!Негізгі! Пайыз.!Өзге де !
     !валюта.!мен    !        ! борыш !  дар  !төлемдер!
     !сын да !       !        !       !       !        !
____________________________________________________________________
11    12       13        14      15      16       17          18
____________________________________________________________________

      Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады