2003 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 2003 жылғы 14 қаңтар N 6

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған, оның ішінде қызмет өткерген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлеріне алынатын зейнетақы төлемдері мөлшерін 12 пайызға арттыру жүргізілсін.

      2. Арттыруды ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2003 жылы белгіленген зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері 5000 теңгеден кем болмайды деп белгіленсін.
      Бұл ретте арттырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген 25 есе айлық есептік көрсеткіштің 75 пайызынан аспауға тиіс.

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
      бір ай мерзімде осы қаулының қолданылуы жөнінде түсіндірме әзірлесін;
      арттыруды ескере отырып, зейнетақы төлемдерін қайта есептеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады