Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 және 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 6 қазандағы N 1027 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) <*>
      2) "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54  қаулысына :
      1-тармақтағы "Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген сөздер "Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 1-жолдағы "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ";
      реттiк нөмiрi 4-жолдағы:
      "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ";
      "Орындау мерзiмi" деген бағандағы "наурыз" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 5-жолдағы:
      "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ";
      "Орындау мерзiмi" деген бағандағы "маусым" деген сөз "қараша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 6-жолдағы "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ";
      реттiк нөмiрлерi 7 және 8-жолдардағы "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ, ҚарМ".
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N  1237  қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады