Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгімен тартылған мемлекеттiк емес қарызды қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 21 қаңтар N 69

      "Абай атындағы мемлекеттiк академиялық опера және балет театры ғимаратын қайта жаңарту" инвестициялық жобасын iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен "Ситибанк Қазақстан" жабық акционерлік қоғамы берген мемлекеттiк емес қарызды өтеуге pecпубликалық бюджеттен қаражатты оқшаулауды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
      1. "Алматы қаласы әкiмi аппаратының күрделi құрылыс кәсiпорны" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен "Ситибанк Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамы берген мемлекеттік емес қарызды 6750823,35 (алты миллион жетi жүз елу мың сегiз жүз жиырма үш американ доллары отыз бес цент) мөлшерiндегi негiзгi борыштың бiр бөлiгiн өтеу мерзiмiн 2003 жылғы 18 ақпанға дейiн ұзарту жолымен қайта құрылымдау туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Алматы қаласының әкiмi "Алматы қаласы әкiмi аппаратының күрделi құрылыс кәсiпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсiпорнының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша "Ситибанк Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамымен бірге қайта құрылымдауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды ресiмдеуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады