Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер халқының арасында йод тапшылығы жай-күйiнiң алдын алу туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 23 қаңтар N 86

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2001 жылғы 31 мамырда Минск қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер халқының арасында йод тапшылығы жай-күйiнiң алдын алу туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер халқының арасында йод тапшылығы жай-күйiнің алдын алу туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер Үкiметтерi йод тапшылығы жай-күйiнiң алдын алу мәселесiндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып,
      йодталған тұз бен йодталған тамақ өнiмдерiн өндiру, сақтау, тасымалдау және сату кезiнде олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн ұлттық мемлекеттiк қадағалаудың өзара осал әрi өзара танылған жүйесi шеңберiндегi жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігіне орай,
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде йод тапшылығы жай-күйінің алдын алу негiздерiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсендi насихаттау қажеттiгiн атап айта келе,
      төмендегілер туралы келiсті:

1-бап

      Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер халқының арасында йод тапшылығы жай-күйiнің алдын алу жөніндегi келiсілген саясатты жүзеге асырады.

2-бап

      Тараптар йодталған өнiмдердiң құрамында йодтың бар-жоғын бақылаудың бiрiздендiрiлген әдiстерiн әзiрлеу, сондай-ақ оны анықтау бойынша жабдық пен приборлар жасау кезiнде мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қоятын талаптардың үйлесiмдiлiгi мен бiрлiгiн қамтамасыз етедi.

3-бап

      Тараптар халықтың арасында йод тапшылығы жай-күйiн азайтуға бағытталған келiсiлген, ұйымдастырылған алдын алу iс-шараларын жүргiзедi.

4-бап

      Тараптар йодталған тұздар мен йодталған өнiмдердi, құрамында йод бар препараттарды өндiрудi, сатып алуды, сатуды, олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылауды және өзге де йод тапшылығы ауруын азайту тәсілдерiн реттейтiн өзара келiсілген шешiмдердi әзiрлейдi және қабылдайды.

5-бап

      Тараптар йод тапшылығы жай-күйiнің алдын алу мәселелер жөнiндегi нормативтiк құқықтық құжаттармен, йодталған тұздар мен йодталған өнiмдердiң құрамында йодтың бар-жоғы жөнiндегi қолданыстағы ұлттық нормативтермен, сондай-ақ йодталған өнiмдердің жаңа түрлерiн әзiрлеу жөнiндегi тәжiрибемен, олардың құрамында йодтың болуы жөнiндегi нормативтермен және бiрыңғай бақылау әдiстерімен алмасады.

6-бап

      Тараптар йод тапшылығы ауруының мониторингi жүйесiн әзiрлеу мен енгiзудi жүзеге асырады.

7-бап

      Тараптар йодталған тұзды пайдалану жөнiндегi ұсынымдарды, сондай-ақ йодталған өнiмдердi пайдалану кезiндегi тамақтану жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi және келiседi.

8-бап

      Тараптар органдардың импортталатын йодталған тұз бен йодталған тамақ өнiмдерi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезiнде Тараптар мемлекеттерi аумақтарында қолданылатын санитарлық ережелер мен нормативтердің басымдықтарын негiзге алады.

9-бап

      Тараптар импортталатын йодталған өнiмдердiң сапасы мен қауіпсiздігін растайтын экспортер-елдің қажеттi iлеспе құжаттарының: дайындаушының (берушiнiң) және жеткiзушi елдің ресми уәкiлеттi органдарының сертификаттары мен (немесе) ерекшелiктерiнің болуы оларды жеткiзу мен сату үшiн мiндетті шарт болып табылатындығын белгiлейдi.

10-бап

      Импортер-елдiң ұлттық талаптарына сәйкес келмейтiн импорттық (экспортталатын) йодталған түз бен йодталған тамақ өнiмдерi анықталған жағдайда Тараптар оларды одан әрi сатудың алдын алу үшiн қажеттi шаралар қабылдайды. Тараптардың Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары өнiмдер жарамсыздығы фактiлерi туралы бiр-бiрiн жедел хабардар етуге және сапасыз өнiмдердi шығару себептерiн тексеру жүргiзуге тиiс.

11-бап

      Осы Келiсiм өзi осыған қатысуға мүдделi және қосылу туралы құжатты депозитарийге беру жолымен осы Келiсiмнен туындайтын мiндеттемелердi өзiне қабылдауға дайын өзге де мемлекеттердің оған қосылуы үшiн ашық.
      Осы Келiсiм қосылған мемлекеттер үшiн депозитарийдiң осы хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.

12-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмнің 15-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкін.

13-бап

      Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер мүдделi Тараптар консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен шешіледi.

14-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енгiзiлген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолданылады.
      Бұл мерзiм өткеннен кейiн Келiсiм, егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса, одан арғы 5-жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады.
      Әрбiр Тарап шығуға дейiн 6 айдан кешiктiрiлмей бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Келiсiмнен шыға алады.

15-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап, ал заңнамасы оны күшiне енгiзу үшiн қажет мемлекетiшiлiк рәсiмдердi талап ететiн Тараптар үшiн - тиiстi хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
      Тараптар осы Келiсiмге қол қойылған күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде мұндай рәсiмдердi орындау қажеттілігі туралы депозитарийдi хабардар етедi.

      2001 жылғы 31 мамырда Минск қаласында бір түпнұсқалы данада орыс тілiнде жасалды. Түпнұсқалы данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінде сақталады, ол оның куәландырылған көшiрмесi осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке жіберіледi.

      Әзербайжан Республикасының      Молдова Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Армения Республикасының         Ресей Федерациясының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      Беларусь Республикасының        Тәжiкстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшін

      Грузия Республикасының          Түркiменстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Yкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының       Өзбекстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшін

      Қырғызстан Республикасының      Украина Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады