Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 27 мамырдағы N 806 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қаңтар N 96 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.10.06. N 965 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 мамырдағы N 806  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 285-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесiнде:
      1-тармақта:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "қызметкерлердiң жалақысы, оның iшiнде сыйлық және материалдық көмек беру (еңбекақы төлеу қорын үнемдеу болған кезде), мерзiмiнен тыс жұмысқа, мереке және демалыс күндердегi жұмысқа ақы төлеу;";
      оныншы және он бiрiншi абзацтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "iссапар шығыстары;
      шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер көрсету, жұмыстар, оның iшiнде банктiк қызметтер көрсету;
      медициналық автокөлiк құралдарын мiндеттi техникалық тексеру;
      ғимараттардың iшкi үй-жайларын және оларға iргелес аумақты санитарлық өңдеу, медициналық құрал-саймандарды зарарсыздандыру;
      ғимаратты (объектiнi) және оған iргелес аумақты күзету;
      негiзгi құралдар бойынша жалгерлiк ақы өтеледi.";
      3-тармақта:
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "қызметкерлердiң жалақысы, оның iшiнде сыйлық және материалдық көмек беру (еңбекақы төлеу қорын үнемдеу болған кезде), мерзiмiнен тыс жұмысқа, мереке және демалыс күндердегi жұмысқа ақы төлеу;";
      он бiрiншi және он екiншi абзацтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "iссапар шығыстары;
      шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер көрсету, жұмыстар, оның iшiнде банктiк қызметтер көрсету;
      медициналық автокөлiк құралдарын мiндеттi техникалық тексеру;
      ғимараттардың iшкi үй-жайларын және оларға іргелес аумақты санитарлық өңдеу, медициналық құрал-саймандарды зарарсыздандыру;
      ғимаратты (объектiнi) және оған iргелес аумақты күзету;
      негiзгi құралдар бойынша жалгерлiк ақы өтеледi.";
      6-тармақтың бiрiншi абзацындағы "көмекке көзделген" деген сөздерден кейiн ", шығыстар нормативтерi негiзiнде есептелген" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "қызметкерлердiң жалақысы, оның iшiнде сыйлық және материалдық көмек беру (еңбекақы төлеу қорын үнемдеу болған кезде), мерзiмiнен тыс жұмысқа, мереке және демалыс күндердегi жұмысқа ақы төлеу;";
      он үшiншi және он төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "iссапар шығыстары;
      шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер көрсету, жұмыстар, оның iшiнде банктiк қызметтер көрсету;
      медициналық автокөлiк құралдарын мiндеттi техникалық тексеру;
      ғимараттардың iшкi үй-жайларын және оларға iргелес аумақты санитарлық өңдеу, медициналық құрал-саймандарды зарарсыздандыру;
      ғимаратты (объектiнi) және оған iргелес аумақты күзету;
      негiзгi құралдар бойынша жалгерлiк ақы өтеледi.";
      8-тармақтың жетінші абзацындағы "көмекке көзделген" деген сөздерден кейін ", шығыстар нормативтері негізінде есептелген" деген сөздермен толықтырылсын;

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады