Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер әдiлет министрлiктерiнің ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 28 қаңтар N 97

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер әділет министрлiктерiнiң ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қоюға келiсiм берілсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 658 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң әдiлет министрлiктерінің ынтымақтастығы туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше-мемлекеттердің Әдiлет министрлiктерi,
      халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларына сәйкес, құқықтық салада және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде халықаралық ынтымақтастыққа зор мән бере отырып,
      2002 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шарттың ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      Тараптардың өзара мүддесiн бiлдiретiн мәселелер жөнінде өзара iс-қимылын дамытуға ұмтылысын негізге ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
Ынтымақтастықтың жалпы принциптерi

      Тараптар өз құзыреттерi шектерiнде әрекет ете отырып және өз мемлекеттерiнiң заңдары мен халықаралық шарттарын сақтай отырып, осы Келiсiмге сәйкес ынтымақтастықты жүзеге асырады.

2-бап
Ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары

      Тараптар өз қызметтерiнде мынадай негiзгі бағыттар бойынша:
      әдiлет саласындағы келiсiлген саясатты қалыптастыру және iске асыру;
      жеке адамның және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
      әдiлет органдары мен мекемелерiн басқару;
      сот және басқа органдардың актiлерiн орындауды қамтамасыз ету;
      қылмыстық жазаларды орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      соттар қызметінiң белгіленген тәртібiн қамтамасыз ету;
      заң қызметiн әдiстемелiк қамтамасыз ету;
      азаматтық, отбасылық, қылмыстық және өзге де iстер бойынша құқықтық қатынастардағы құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық шарттарға сәйкес мiндеттемелердi орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      құқықтық ақпараттық жүйелердi дамыту;
      әділет органдары мен мекемелерiнде актiлердiң тiзілiмдерiн жүргiзудi және тiркеудi ұйымдастыру;
      сот-сараптамасы мекемелерiнде қазiргі деңгейде зерттеулер жүргізудi ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету;
      әділет органдары мен мекемелерi үшiн кадрлар даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
      халыққа құқықтық көмек көрсетудi ұйымдастыру;
      өзара мүдделерді білдiретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу қызметі бойынша ынтымақтасады.
      Тараптар Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше-мемлекеттердiң заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актiлерін үйлестіру және бiрiздендіру мәселелерiне қатысты халықаралық мiндеттемелердi iске асыру бойынша өзара iс-әрекеттi жасайды.
      Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiнiң жанындағы Әдiлет министрлерiнiң Кеңесi (бұдан әрi - Министрлер кеңесi) Тараптардың осы бағыттағы қызметiн үйлестiрушi органы болып табылады.
      Тараптар Министрлер кеңесiнiң материалдарын уақытылы дайындауға және оның шешiмдерiн iске асыру жөнiндегi тиiстi шаралар қабылдауға мiндеттенедi.

3-бап
Ынтымақтасу нысандары

      Осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарының ережелерiн орындау мақсатында Тараптардың ынтымақтастығы, атап айтқанда мынадай нысандарда:
      жұмыс тәжiрибелерiмен алмасу, соның iшiнде танысу сапарларын, тағлымдама, кеңесулер мен семинарлар өткiзу арқылы;
      заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ ведомстволық басылымдар мен әдістемелiк материалдармен үнемi алмасу;
      бiрлескен ғылыми зерттеулер, ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар өткiзу, ғылыми жарияланымдар дайындау;
      заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеуге ақпараттық қамтамасыз етуде, сондай-ақ әзiрленетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының мәнiне қатысты саладағы құқықтық реттеу мен халықаралық ынтымақтастыққа шетелдiк тәжiрибе туралы материалдар ұсыну арқылы көмек көрсету;
      әділет органдары мен мекемелерi үшiн кадрлар даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыруда, соның iшiнде оқу курстары, тәжiрибе жинақтау, лекциялар мен семинарлар өткiзу, бiрлесе оқу орындарын дайындау арқылы өзара іс-қимыл жасау;
      Тараптардың қызмет мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ өзара тиiмді негізде оқу әдебиеттерi мен ғылыми басылымдармен алмасу;
      өз мемлекеттерiнiң қолданыстағы немесе қолданыста болған заңдары туралы ақпараттар беру туралы сұрауларды орындау;
      нормативтiк құқықтық актiлермен алмасу жүзеге асырылатын болады.

4-бап
Ынтымақтастықтың дамуы

      Осы Келiсiм Тараптарға осы Келiсiмнің 1-бабында көзделген талаптарды сақтай отырып, ынтымақтастықтың өзге де өзара тиiмдi бағыттары мен нысандарын анықтау мен дамытуда кедергi келтірмейді.

5-бап
Көмек көрсету туралы сұрау салу

      1. Осы Келiсiм шеңберiнде ынтымақтастық мүдделi Тараптардың немесе ұсынылып отырған жәрдемдесу немесе бiрлескен iс-шаралар басқа Тараптардың немесе Тараптың мүддесiн бiлдiруiне арналған деп ойлаған Тараптың бастамасы жөнiндегi сұрау салулардың негізiнде жүзеге асырылады.
      2. Сұрау салу немесе бастамашылық ұсыныстар жазбаша нысанда жіберіледі, алайда кiдірiссiз жағдайда, оларды кейiн мiндеттi жазбаша растау шартымен үш күн iшiнде, мәтiндi техникалық құралдарды пайдаланумен берудi қоса алғанда, олар ауызша берiлуi мүмкін.
      Сұрау салудың түпнұсқасына күдiк туған кезде оның расталуына сұрау салынуы мүмкiн.
      3. Көмек көрсету туралы сұрау салу мынадай:
      егер ол белгілі болса, көмек көрсетуге сұрау салған органның және сұрау салынған органның атауы;
      iстің мазмұны баяндалуы;
      сұрау салудың мақсаты мен негiздемесiн көрсету;
      сұрау салынған көмек көрсетудiң мазмұнын жазу;
      сұрау салуды тиiстi түрде орындау үшiн кез келген басқа да пайдалы ақпаратты қамтуы тиiс.
      4. Көмек көрсету туралы берiлген немесе расталған жазбаша нысандағы сұрау салуға, сұрау салған органның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды және сұрау салған органның мөрiмен куәландырылады.

6-бап
Көмек көрсетуден бас тарту

      1. Көмек көрсету туралы сұрау салулар орындалғанда толықтай немесе жартылай, егер сұрау салған Тарап оны орындау оның мемлекетiнiң егемендiгiне, қауiпсiздiгiне немесе мәндi мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн не оның мемлекетiнiң заңдарына немесе халықаралық мiндеттерiне қайшы келді деп таныса бас тартылады.
      2. Сұрау салынған Тарап көмек көрсетуден бас тарту туралы шешiм шығарғанға дейiн мүмкiндiк болса, сұрау салынған Тарап қажет деп есептеген шарттарды сақтаған кезде көмек көрсете алатыны туралы мәселелердi қарау үшiн сұрау салған Тараппен консультациялар жүргiзедi. Қойылған талаптарға келiскен жағдайда, сұрау салған Тарап олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      3. Сұрау салынған Тарап сұрауды орындаудың бас тартылу себебiн көрсетiп, толықтай немесе жартылай бас тартылғандығы туралы жазбаша хабарлайды.

7-бап
Сұрау салуды орындау

      1. Сұрау салынған Тарап сұрау салуды тез және мүмкiндiгiнше толықтай орындауды қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды. Сұрау салған Тарап сұрау салуды орындауға кедергi келтiретiн немесе оның орындалуын ұстап тұрған мiндеттемелер туралы тез арада хабарлайды.
      2. Егер сұрау салуды орындау сұрау салынған Тараптың құзыретіне кiрмесе, ол бұл туралы сұрау салған Тарапқа тез арада хабарлайды және оның өтiнiшi бойынша өз мемлекетiнiң құзыреттi органына береді.
      3. Сұрау салынған Тарап өзінің пiкірi бойынша сұрау салуды орындау үшiн қажеттi қосымша мәлiметтер сұрауға құқығы бар.
      4. Сұрау салуды орындау кезiнде сұрау салынған Тараптың мемлекетiнiң заңдары қолданылады, алайда, сұрау салған Тараптың өтiнiшi бойынша, егер бұл сұрау салынған Тараптың мемлекетi заңдарының немесе халықаралық міндеттемелерiнiң негiзi принциптерiне қайшы келмесе, оның мемлекеттiң заңдары қолданылуы мүмкiн.
      5. Егер сұрау салынған Тарап сұрау салуды тез арада орындау оның мемлекетiнде жүзеге асырылып жатқан қылмыстық қудалауға немесе өзге де iс жүргiзуге кедергi келтiредi деп есептесе, ол сұрау салуды орындауды кейiнге қалдыра алады немесе сұрау салған Тараппен кеңескеннен кейiн қажет деп анықталған талаптарды сақтай отырып оның орындалуын байланыстыруы мүмкiн. Егер сұрау салған Тарап ұсынылған шарттарда көмек көрсетуге келiссе, ол осы шарттардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      6. Сұрау салынған Тарап сұрау салған Тараптың өтiнiшi бойынша сұрау салудың келiп түсу фактiсiнiң, осы сұрау салудың мазмұны мен оған iлеспе құжаттардың, сондай-ақ көмек көрсету фактiсiнiң құпиялығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.
      Сұрау салудың құпиялылығын сақтай отырып, орындау мүмкiн болмаған жағдайда, сұрау салынған Тарап бұл туралы осындай шарттарда орындау мүмкiндігін шешетiн сұрау салған Тарапты хабардар етеді.
      7. Сұрау салынған Тарап қысқа мерзiмде сұрау салған Тарапқа сұрау салудың орындалу нәтижелерi туралы хабардар етедi.

8-бап
Алынған ақпараттар мен құжаттарды пайдалануды шектеу

      1. Тараптардың әрқайсысы екiншi Тараптан алынған ақпараттар мен құжаттардың, егер олар жабық сипатта немесе егер берушi Тарап оларды жария етудi қажет деп таппаса, құпиялылығын қамтамасыз етедi. Осындай ақпараттар мен құжаттардың жабық болу дәрежесiн берушi Тарап айқындайды.
      2. Осы Келiсiмнiң негiзiнде алынған ақпараттар мен құжаттар оларды берген Тараптардың келiсiмiнсiз олар сұратылған және берiлген жағдайлардан басқа өзге мақсаттарда, егер, оларды берген Тараптың мемлекетiнде жалпы қол жетiмдi болып табылмаса, пайдаланылуы мүмкiн емес.
      3. Осы Келiсiмiнiң негiзiнде бiр Тараптан алынған ақпараттар мен құжаттар үшiншi тарапқа беру үшiн егер, олар осы Тараптың мемлекетiнде қол жетiмдi болып табылса және егер оларды беру кезiнде осындай шарттар қойылмаса, оларды берген Тараптың алдын ала келiсiмi талап етілмейді.
      4. Осы баптың ережесi сұрау салуды орындау нәтижесiнде алынған құжаттар мен ақпараттарды, егер сұрау салушы Тараптың мемлекетiнiң заңдарымен осылайша әрекет ету мiндеттілiгi көзделсе, пайдалануды немесе жария етудi қоспайды. Сұрау салушы Тарап алдын ала сұрау салынған Тарапты осындай ақпараттар мен құжаттарды пайдалану немесе жария ету мүмкiндiгi туралы хабар етедi.

9-бап
Шығыстар

      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде өткiзiлетiн iс-шараларды қаржыландыру кезiнде қабылдаушы мемлекеттiң аумағында оларды ұйымдастыру бойынша шығындарды қабылдаушы Тарап, ал Тараптардың делегациясының келуiне байланысты шығындарды жiберушi Тарап өздерi қамтамасыз етедi.

10-бап
Тілдер

      Тараптар осы Келiсiмнiң негiзiнде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде орыс тілiн пайдаланады.

11-бап
Ынтымақтастықты үйлестiру

      Осы Келiсiм шеңберiнде Тараптардың ынтымақтастығы жөнiндегi iс-шараларды үйлестiру бiр-бiрiмен тiкелей байланысатын Тараптардың тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне жүктеледi.

12-бап
Жұмыс кездесулерi мен консультациялар

      Тараптардың өкiлдерi қажет болғанда, осы Келiсiм негiзiнде ынтымақтастықты нығайту және тиiмділiгiн арттыру мәселелерiн қарау мақсатында екiжақты да және көпжақты да деңгейлерде жұмыс кездесулерi мен консультациялар өткiзедi.

13-бап
Басқа халықаралық шарттарға қатысы

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тарап мемлекеттерiнiң басқа да халықаралық шарттарынан туындайтын құқықтар мен мiндеттерге нұқсан келтірмейді.

14-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар енгізу

      Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын, жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

15-бап
Даулар мен келiспеушiліктердi шешу

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға байланысты туындауы мүмкiн даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер мен консультациялар жолымен шешіледі.

16-бап
Күшiне енуi

      Осы Келiсiм 5 жылға жасалады және қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Бес жылдық кезең аяқталған соң, егер Тараптар өзгеше келiспесе, ол автоматты түрде келесi бес жылдық кезеңге ұзартылады.
      Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнен депозитарий болып табылатын Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiне дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабарлама жiберу жолымен шыға алады. Осындай Тарап үшiн осы Келiсiм өзiнiң әрекетiн депозитарийдiң осындай хабарландыру алған күнiнен бастап үш ай өткен соң тоқтатады.

      2002 жылы ________ орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiнде сақталады, ол Тараптардың әрқайсысына оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.

      Беларусь Республикасының
      Әділет министрi үшiн

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрi үшiн

      Қырғыз Республикасының
      Әділет министрi үшiн

      Ресей Федерациясының
      Әдiлет министрi үшін

      Тәжiкстан Республикасының
      Әділет министрi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады