Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнің Астана қаласына көшiрiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесi, 1, "А" корпусы мекен-жайы бойынша орналасқан ғимарат республикалық меншiктен Ақмола облысының коммуналдық меншiгіне берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Ақмола облысының әкімдігімен бiрлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген ғимаратты қабылдау-тапсыру жөнiндегi қажеттi шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен басып күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі