Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Солтүстiк Атлант Шартының Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымы (NAMSO) арасында материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандум жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 4 ақпан N 127

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Солтүстiк Атлант Шартының Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымы (NAMSO) арасында материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа Меморандум мәтiнiне қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Солтүстiк Атлант Шартының Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымы (NAMSO) арасында материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандум жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметінiң     
2003 жылғы 4 ақпандағы          
N 127 қаулысымен             
бекiтiлген                 

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Солтүстiк Атлант Шартының Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымы (NAMSO) арасында материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы
МЕМОРАНДУМ

Кiрiспе

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Солтүстiк Атлант Шартының Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегі ұйымы (NAMSO):
      осы Меморандумның Тараптар арасындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы қарым-қатынастарды құру үшiн құқықтық негіз болып табылатындығын;
      Қазақстан Республикасы "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" бағдарламасына кiруге шақыруды қабылдай отырып, 1994 жылғы 27 мамырда "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" бағдарламасының шектi құжатына қол қоя отырып, көрсетілген бағдарламаның әрiптес елi болып табылатындығын;
      Тараптардың Солтүстiк Атлант Шарты Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымының (NAMSO) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне техникалық көмек пен материалдық-техникалық қызмет көрсету мәселелерi бойынша өзара түсiнiстiкке қол жеткiзгенiн;
      Солтүстiк Атлант Шартының Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымы (NAMSO) директорлар кеңесiнiң  Қазақстан Республикасына техникалық қызмет көрсету және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулер ұсынуға келiскендiгiн;
      Солтүстiк Атлант Шартының Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымы (NAMSO) директорлар кеңесiнiң "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" бағдарламасына қатысушы мемлекетпен ынтымақтастық контексiнде Солтүстiк Атлант Шарты ұйымына мүше елдердiң Солтүстiк Атлант Шартының материалдық-техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымы агенттiгi (NAMSА) бағдарламаларының құнын төмендетуге жалпы мүдделiлiгiн ұғынатындығын;
      Солтүстiк Атлант Кеңесі осы Меморандумды жасасу туралы  Солтүстiк Атлант Шартының Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымы (NAMSO) директорлар кеңесiнiң ұсынымдарын мақұлдай отырып, осы Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасына қандайда бiр болмасын жағдайда Солтүстiк Атлант Шарты ұйымына мүшелiк мәртебесiн немесе мұндай мәртебенiң талап ету құқығын бермейтiндiгiн;
      Қазақстан тарапы Солтүстiк Атлант Шартының Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымына (NAMSO) оның қару-жарақ жүйелерi саласындағы бағдарламаларының (ҚЖБ) шеңберiнде ұсынатын қызмет көрсетулерiне мүдделiлiк бiлдiргендiгiн назарға ала отырып;
      мыналар туралы келiстi:

                     Анықтамалар/аббревиатуралар

      Осы Меморандум мәтiнiнде және одан туындайтын Келiсiмдердiң мәтiндерiнде:
      "NATO" - Солтүстiк Атлант Шарты Ұйымын бiлдiредi;
      "NAMSO" - Солтүстiк Атлант Шартының Материалдық-техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымын бiлдiредi;
      "NAMSA" - Солтүстiк Атлант Шартының Материалдық-техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi агенттiгiн бiлдiредi;
      "БЖӘ" - 1994 жылғы 10-11 қаңтарда Брюссель қаласындағы Солтүстiк Атлант Шарты ұйымы саммитiнде бекiтiлген "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" бағдарламасын бiлдіредi;
      "Техникалық ақпарат" - кез келген форматтағы, құжаттық сипаттағы немесе беру тәсiлiндегi ғылыми және техникалық сипатта жазылған және құжатталған ақпарат. Осы ақпаратқа мыналар енуi мүмкiн, бiрақ мыналармен шектелмеу керек: эксперименттiк немесе сынақ деректерi, техникалық шарттар, жоспарлар мен жоспарлау процестерi, патент қабiлеттi, сонымен бiрге патент қабiлетсiз  өнертабыстар мен ашылған жаңалықтар, техникалық сипаттамалар және басқа да техникалық сипаттағы жұмыстар, жартылай өткiзгiштi маскалардың кескiн үйлесiмдерi жөнiндегi жұмыстар, техникалық және өндiрiстiк деректер пакеттерi, ноу-xay мен коммерциялық құпиялар, сондай-ақ өндiрiстiк технологияларға қатысты ақпарат. Ол құжаттар, графикалық репродукциялар, суреттер және басқа да графикалық көрiнiстер нысанында, дискiлер мен фильмдер жазбасы (оптикалық, магниттiк және лазерлiк), компьютерлiк және деректер базасы, компьютерлiк басу қондырғылары мен компьютерлiк жадының деректерi және басқа кез келген нысандарда бола алады;
      "ҚЖБ" - қару-жарақ жүйелерi саласындағы әріптестiк бағдарламасы.
      "С-М(2002)49 құжаты" - Солтүстiк Атлант Шарты ұйымы мен Солтүстiк Атлант ынтымақтастық кеңесiне және/немесе Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 31 шілдеде қол қойған "Бейбiтшiлiк жолындағы әріптестік" бағдарламасына қатысушы мемлекеттер арасындағы қауіпсiздік туралы келісім.

1-бап
Мақсаты

      Осы Меморандум Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне Техникалық қызмет көрсету және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларындағы NAMSO iс-шараларын жүргiзудiң құқықтық негiзiн айқындайды.

2-бап
Ынтымақтастықтың бағыттары

      Ынтымақтастық техникалық қызмет көрсету, әскери техникалық мүлiкті сатып алу және оларды жөндеу бойынша қызмет көрсетулерді орындау, тылдық қолдау саласына жаңа технологияларды енгiзу және материалдық техникалық қамтамасыз етудi, әскери техника мен оларға қосалқы бөлшектер жеткiзудi ұйымдастыру кезiнде қаржы шығыстарын азайту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қару-жарақ жүйелерiн дамыту бағдарламаларына қатысуын қамтамасыз ету, ақпарат және мамандардың сапарлар алмасуы жолымен тыл саласындағы екi жақты байланыстарды дамыту жөніндегi арнайы тыл iс-шаралары түрінде жүргiзiледi.

3-бап
Iске асыру

      1. Осы Меморандумды iске асыру мақсатында Тараптар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерi бойынша жекелеген  келiсiмдер (бұдан әрі - Келiсiм және/немесе Келiсiмдер) жасасатын болады.
      2. Келiсiмдер және ҚЖБ-ға қатысу мiндеттi түрде Тараптардың, сондай-ақ қару мен жабдықты шығарған мемлекет үкiметінің мақұлдауын талап етедi.

4-бап
Қаржылық мәселелер

      Келiсiмдердi iске асыру кезiнде Тараптардың қаржылық мiндеттемелерi тиiстi Келiсiмдер күшiне енген сәттен басталады.

5-бап
Сақтандыру жөнiндегi мiндеттемелер

      1. Тараптардың әрқайсысы осы Меморандум бойынша материалдарды немесе қызмет көрсетулердi ала отырып, жарақаттар (Тараптар қызметкерлерiнiң өлiмiне әкеліп соққан жарақаттарды қоса алғанда), мүлiктi жоғалтулар мен оған зақым келулер бойынша талап қоюдан бас тартады.
      2. Тараптар Тараптардың бiрiне қатысты туындаған үшiншi тарап әрекетiнен пайда болған талаптардан және/немесе қандай да бiр болмасын сипаттағы әрекеттерден қорғау бойынша өзара көмек көрсететiн болады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармағында аталған талаптардан бас тарту және қорғау қасақана заңсыз әрекет және шектен тыс ұқыпсыздық оқиғаларына, сондай-ақ Келiсiмдерде арнайы аталған жағдайларға қолданылмайды.
      4. Келiсiмдер әрбiр қызмет түрi мен міндеттерге арналған материалдар мен қызмет көрсетулердi сақтандыруға қатысты кепілдемелердің шарттарымен жiктелуі тиiс.
      5. Келiсiмдерге сәйкес NAMSO ұйымдастыратын жүктердi жөнелту Қазақстан тарапының уәкiлеттi органынан нақты сұрату келiп түскенге дейiн сақтандырусыз жүретiн болады. Осы сұратулардан кейiн сақтандыру құны NAMSO-да кейiнге қалдырусыз өтеледi.

6-бап
Менеджмент

      1. Осы Меморандумның ережелерiн iске асыруды Тараптардың уәкiлеттi органдары жүзеге асырады:
      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
      NAMSO тарапынан - NAMSA.                 
      2. Осы Меморандумның ережелерiн iске асыру жөнiндегi байланыстарды Meмopaндумның А қосымшасында көрсетiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.

7-бап
Қауiпсiздiк жөнiндегі талаптар

      1. Тараптар өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi үйлестiрiлген бағдарламаны С-М(2002)49 құжатының негiзiнде әзiрлейдi және қолданатын болады.
      2. Келiсiмдердiң шарттарына сәйкес Тараптар басқа Тарапқа беретiн ақпараттың құпиялылық дәрежесi туралы бiр-бiрiн хабардар
ететiн болады.
      3. Кез келген құпия ақпаратпен алмасу, осындай ақпараттан тұратын келiсiм-шарттарды қоса алғанда, С-М(2002)49 құжатының талаптарына сай болуы тиiс.

8-бап
Техникалық ақпарат алмасу

      Тараптар арасында беруге, таратуға немесе басқа тәсiлмен алмасуға жататын, зияткерлiк меншiк объектici болып табылатын техникалық ақпараттарға мынадай талаптар қолданылады.
      1. Тараптардың әрқайсысы өзiне мынадай мiндеттемелер алады:
      1) басқа Тарапқа тиесiлi ақпаратты тек Келiсiмдердiң мақсаттары үшiн ғана пайдалану;
      2) басқа Тарапқа тиесiлi ақпараттың толық құпиялылығын қамтамасыз ету және оны ашуға, үшiншi тарапқа осындай ақпаратты басқа да тәсiлмен бepугe жол бермеу;
      3) басқа Тарапқа тиесiлi ақпаратты құпия ақпарат ретiнде ұстау және оның қауiпсiздiгiн, қорғауды және бақылауды қамтамасыз ету. Қабылдаушы Тарап мүлiктi мақсатсыз ашуға, жария етуге, таратуға немесе оны бepугe жол бермеу мақсатында зияткерлiк меншiк объектiсi болып табылатын мүлiктi күзетедi, қорғайды және бақылау жасайды.
      2. Мынадай жағдайларда техникалық ақпарат мүлiктiк құқық объектiсi, сондай-ақ қабылдаушы тарап мiндеттемелерiнiң мәнi болып табылмайды:
      1) қабылдаушы Тараптың қасақана немесе заңсыз әрекеттерiнiң себебiнен емес, жалпыға жария болғанда;
      2) ұқсас шектеулер мен осы Меморандумды бұзусыз үшiншi тарап заңды түрде ұсынғанда;
      3) берушi Тарап жазбаша түрде жариялауға және пайдалануға рұқсат бергенде.
      3. Тараптар арасында әзiрше жазбаша уағдаластыққа қол жеткізiлмесе Келiсiмдерде бар техникалық ақпарат қандайда бiр болмасын құқықтар алу үшiн негiз болып табылмайды және әрбiр Тараптың меншiгi болып табылады.

9-бап
Салықтар мен баждар

      Осы Меморандумның шеңберiнде жүзеге асырылатын және одан туындайтын келiсiмдер, NAMSО, оның мүлкi мен материалдық-техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi мыналардан босатылады:
      1) тiкелей және жанама салықтардың барлық түрiнен;
      2) NAMSO қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағында сату мақсатында пайдаланылмайтын жеке пайдалану тауарларының импорты мен экспортына байланысты кеден баждарынан, шектеулерден немесе тыйым салулардан;
      3) тек қана материалдық-техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын баспа материалдарын импорттау мен экспорттауға байланысты кеден баждарынан, шектеулерден немесе тыйым салулардан.

10-бап
Сапарларды өткiзу рәсiмдерi

      1. Тараптардың өкiлдерi олардың сұратулары бойынша Келiсiм  негiзiнде жүргiзiлетiн тестiлеу және сынақ өткiзуге арналған мемлекеттiк және жеке меншiк объектілерге кiруге рұқсат алуы мүмкiн.
      2. Сапарлар С-М(2002)49 құжатының ережелерiн сақтай отырып жүргiзiледi. Барлық келушілер сондай-ақ қабылдаушы Тарап белгiлеген қосымша қауiпсiздiк және сақтау шараларын сақтайтын болады. Келушілерге хабарланатын техникалық ақпаратқа, олар келушілердi жiберген Тарапқа берiлген болса, онда сол бiр ереже қолданылады.

11-бап
Тiл

      Барлық ресми құжаттамаларды жүргiзу ағылшын және француз тiлдерiнде жүзеге асырылатын болады.

12-бап
Түзетулер

      Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Меморандумға осы Меморандумның ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуі мүмкiн.
      Осы Меморандумның А қосымшасы оның ажырамас бөлiгi болып табылады және онымен бiр мезгiлде күшiне енедi.

13-бап
Меморандумды жасасу мерзiмi және оның қолданысын тоқтату тәртiбi

      1. Осы Меморандум бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiрi оның әрекетiн тоқтату ниетi туралы кезектi кезеңнiң аяқталуына дейiн кемiнде алты ай бұрын басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жiбермесе, автоматты түрде келесi бес жылдық кезеңге ұзартылатын болады.
      Егер Тараптардың бiрi осы Меморандумнан бес жылдық мерзiм бiткенге дейiн шығуға ниеттенсе, ол басқа Тарапқа өзiнiң ниетi  туралы ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейiн жазбаша хабарлама  бередi.
      2. Тараптар осы Меморандумнан немесе келесi Келісімдерден шығуға ниеттенген жағдайда Тараптар одан шығудың неғұрлым қанағаттанарлық шарттарына қатысты уақытылы бiрлескен консультация өткiзедi.
      3. Осы Меморандумның әрекетiн тоқтатудың ықтимал күнi туралы хабарлама алғаннан кейiн шығу туралы мәлiмдеген Тарап Меморандум қолданысын тоқтатқан күнге дейін өз мiндеттемелерiн толық орындайды.
      4. Егер Тараптар осы Меморандумның әрекетiн тоқтату туралы
өзара шешiмге келсе, онда олар оның әрекетiн тоқтату жөнiндегi Keз келген шығыстарды бiрлесiп көтеретiн болады.
      5. Тараптар осы Меморандумның әрекеттерiне және/немесе әрекетiн тоқтатуына қарамастан, Келiсiмдер бойынша дауларды, талаптар мен мiндеттемелердi шешу тәртiбi жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттемелерiн сақтайтын болады.

14-бап
Дауларды шешу

      Тараптар арасында туындаған және осы Меморандумды түсiндiрумен немесе қолданумен байланысты кез келген келiспеушiлiктер олардың арасындағы келiссөздер барысында үшiншi тарапты тартпастан шешiлетiн болады.

15-бап
Күшiне енуі

      Осы Меморандум NAMSO-ның Қазақстан Тарапының оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi өткiзгенi туралы хабарламасын алған күнiнен бастап күшiне енедi.

      200 жылғы "____" _______________ _________ қаласында екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, ағылшын, француз және орыс тілдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар. Осы  Меморандумның ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тілiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.  

Қазақстан Республикасының          Солтүстiк Атлант Шартының
Үкіметi үшiн                     Техникалық қызмет көрсету және
                                 қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымы
                                         (NAMSO) үшiн

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Солтүстiк Атлант Шартының Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымы (NAMSO) арасында материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандумның
А қосымшасы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Солтүстiк Атлант Шартының Техникалық қызмет көрсету және қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымы (NAMSO) арасындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандумның ережелерiн iске асыру жөнiндегi байланыстарды жүзеге асыратын адамдар:

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнен:

Қазақстан Республикасы      Бельгия           Телефон:
Қорғаныс министрлiгiнiң     Брюссель қ.       003227072748
NATO-ның штаб-пәтерi        NATO штаб-пәтерi, Факс:
жанындағы әскери өкiлi      VА ғимараты, 1100 003227072749

           NAMSO-дан:

Заң мәселелерi жөнiндегi    Люксембург Ұлы    Телефон:
кеңесшi                     Герцогтiгi L-8302 0035230636554
                            Капеллен қ.       Факс:
                                              00352308721

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады