Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылғы 27-28 қарашадағы Нидерланды Корольдігіне ресми сапары барысында қол жеткізілген келiсімдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 12 ақпан N 151

      Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылғы 27-28 қарашадағы Нидерланды Корольдiгiне ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсімдер мен уағдаластықтарды iске асыру және қазақстан-нидерланды ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылғы 27-28 қарашадағы Нидерланды Корольдiгiне ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттiк органдары мен мүдделi ұйымдары (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген iс-шараларды орындау жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі кемiнде тоқсанына бiр рет Жоспардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
2003 жылғы 12 ақпандағы    
N 151 қаулысымен       
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылғы 27-28 қарашадағы Нидерланды Корольдігiне ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсімдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

__________________________________________________________________
Р/с!        Іс-шара         ! Орындалу ! Орындау үшін жауапты
N  !                        ! мерзімі  !
__________________________________________________________________
1              2                 3              4
__________________________________________________________________
1   Мынадай құжаттардың
    күшiне енуi жөнiнде қажеттi
    мемлекетішiлiк рәсімдер
    жүргiзу:
__________________________________________________________________
1.1 Қазақстан Республикасы    2003 жыл  Қазақстан Республикасының
    мен Нидерланды Корольдігі бойы      Индустрия және сауда 
    арасындағы Инвестициялар.           министрлiгi
    ды көтермелеу және өзара
    қорғау туралы келiсiм

1.2 Қазақстан Республикасының  2003     Қазақстан Республикасының 
    Үкiметi мен Нидерланды     жылдың   Кедендiк бақылау агенттiгi
    Корольдiгiнің Үкіметі      ІІ тоқ.
    арасындағы Кеден iстерiн.   саны
    дегi ынтымақтастық және
    әкiмшілiк өзара көмек
    туралы келiсiм

1.3 Қазақстан Республикасының 2003 жыл. Қазақстан Республикасының 
    Үкiметi мен Нидерланды    дың       Көлiк және коммуникациялар
    Корольдiгiнiң Үкiметi    IY тоқсаны министрлігі
    арасындағы Тұрақты әуе
    қатынасы туралы келiсiм

2   Мынадай құжаттардың жоба.
    ларын қол қоюға дайындау:

2.1 Қазақстан Республикасының  2003 жыл. Қазақстан Республикасының
    Ауыл шаруашылығы министр.   дың      Ауыл шаруашылығы 
    лiгi мен Нидерланды Король. II тоқ.  министрлiгi
    дiгiнiң Ауыл шаруашылығы,   саны
    табиғатты пайдалану және
    балық шаруашылығы министр.
    лiгi арасындағы ветеринария
    саласындағы ынтымақтастық
    туралы келiсiм

2.2 Қазақстан Республикасының   2003 жыл. Қазақстан Республикасының 
    Экономика және бюджеттiк     дың      Экономика және бюджеттiк 
    жоспарлау министрлiгi мен II тоқсаны  жоспарлау министрлiгi
    Нидерланды Корольдігінің
    Экономика министрлiгi
    арасындағы PSO бағдарламасы
    шеңберiндегi экономикалық
    ынтымақтастық жөніндегi
    өзара түсiнiстiк туралы
    меморандум

3   Дипломатиялық арналар        2003 жыл Қазақстан Республикасының 
    арқылы Нидерланды Корольдiгi   бойы   Сыртқы iстер министрлiгi
    Премьер-Министрiнiң Қазақстан
    Республикасына сапарының
    мерзімдерiн пысықтау

4   Дипломатиялық арналар        2003 жыл Қазақстан Республикасының 
    арқылы Нидерланды Корольдігі  бойы    Сыртқы iстер министрлiгi
    Сыртқы iстер министрiнің
    Қазақстан Республикасына
    сапарының мерзімдерiн
    пысықтау

5   Дипломатиялық арналар        2003 жыл Қазақстан Республикасының 
    арқылы Нидерланды Корольді.    бойы   Сыртқы iстер министрлігi
    гінің Парламентi делегация.
    сының Қазақстан Республика.
    сына сапарының мерзімдерiн
    пысықтау

6   Нидерланды тарапымен мұнай-  2003 жыл Қазақстан Республикасының
    газ секторындағы ынтымақтас.   бойы   Энергетика және 
    тық:                                  минералдық ресурстар 
    Каспий теңiзi қайраңын игеру.         министрлiгі, "ҚазМұнайГаз"
    дегi ынтымақтастық жөніндегi          ұлттық компаниясы" ЖАҚ
    "Royal Dutch Shell" компания.
    сымен келiссөздерi жалғастыру

7   Қазақстан Республикасының     2003 жыл Қазақстан Республикасының
    Көлiк және коммуникациялар      бойы   Көлiк және
    министрлігі мен Нидерланды             коммуникациялар
    Корольдігінің Көлік, қоғамдық          министрлігі
    жұмыстар және су ресурстарын
    басқару министрлігінің арасын.
    дағы Ақтау қаласында құрылатын
    Теңіз академиясына және Теңiз тех.
    никалық училищесіне (Көлiк және
    коммуникациялар академиясы)
    әдiснамалық және ұйымдастыру.
    шылық көмек көрсету жөнiндегi
    уағдаластықты iске асыру

8   Роттердам және Ақтау қалала. 2003 жыл Қазақстан Республикасының
    рының порттары арасындағы       бойы  Көлiк және коммуникация.
    ынтымақтастық пен өзара көмек         лар министрлігі
    жөнінде екіжақты құжатқа              Ақтау теңіз сауда порты
    қол қою мүмкіндігін зерделеу          (келісім бойынша)

9   Қазақстан Республикасы мен     Тұрақты Қазақстан Республикасының
    Нидерлaнды Корольдігі арасын.          Кедендік бақылау
    дағы кеден iсi саласындағы             агенттігі
    ынтымақтастықты дамыту

10  Ауыл шаруашылығы саласындағы   Тұрақты Қазақстан Республикасының
    ынтымақтастықты одан әрi               Ауыл шаруашылығы
    дамыту:                                министрлігі

10.1 тapaптap ұйымдастыратын       Тұрақты Қазақстан Республикасының
     ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерi         Ауыл шаруашылығы
     мен көрмелерге қазақстан және         министрлігі, Қазақстан
     нидерланды фирмалары мен              Республикасының
     ұйымдарының қатысуы;                  Индустрия және сауда
                                           министрлігі
10.2 нидерланды тарапына ауыл      Тұрақты
     шаруашылығы саласындағы
     қазақстандық инвестициялық
     жобаларды жолдау;
10.3 голландиялық фермерлер        2003 жыл
     делегациясының Қазақстан        бойы
     Республикасына келу
     мерзiмдерiн пысықтау

11   Нидерланды тарапымен шағын    Тұрақты Қазақстан Республикасының
     және орта бизнес саласындағы          Индустрия және сауда
     ынтымақтастық:                        министрлігі, Экономика
     шағын бизнес саласындағы              және бюджеттік жоспарлау
     жекелеген қазақстандық                министрлігі, Қаржы
     жобаларға өз капиталдарын             министрлігі
     салуды жоспарлаған нидерланды
     кәсiпкерлерiне жәрдемдесу

12   Нидерланды тарапымен әскери  2003 жыл Қазақстан Республикасының
     және әскери-техникалық ынты.   бойы   Қорғаныс министрлігі
     мақтастық:
     ынтымақтастықтың басым бағыт.
     тарын анықтау жөнiнде сарап.
     шылар деңгейiнде жұмыс бары.
     сындағы кездесулер өткiзу;
     Қорғаныс министрлiгінің
     Жоғары әскери-теңіз училище.
     сiнiң қалыптасуы мен дамуына
     көмек көрсету;
     кеме жасау мәселелерi бойынша
     әскери-техникалық ынтымақтастық;
     пирстарды, кеме жөндеу шебер.
     ханаларын салу мен жабдықтау
     жөнiндегi консультациялар

13   Нидерланды тарапымен банк    2003 жыл Қазақстан Республикасының
     және қаржы саласындағы        бойы    Ұлттық Банкі
     ынтымақтастық:                        (келісім бойынша)
     банктiк және қаржылық
     қызметтер көрсету көлемi мен
     спектрын кеңейту, Қазақстан
     Республикасындағы caқтан.
     дыру секторын дамыту жөнінде
     екi жақты консультациялар
     жүргiзу (Rabobank International
     ING Ваnk);
     The Netherlands Bank-тен
     техникалық көмек алу мүмкін.
     шілігі;
     қаржылық қадағалау мәселелерi
     бойынша тұрақты түрде ақпарат
     алмасу

14   Нидерланды тарапымен мәдени-   2003 жыл Қазақстан Республика.
     гуманитарлық саладағы ынтымақ.   бойы   сының Мәдениет,
     тастық:                                 ақпарат және қоғамдық 
     Қазақстан Республикасында               келiсiм министрлігі
     нидерланды суретшiлерiнің
     көрмесiн және Нидерланды
     Корольдігiнде қазақстандық
     суретшiлердің көрмесiн
     ұйымдастыру мүмкiншiлiгiн
     қарастыру
__________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады