Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 19 ақпан N 171

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкіметінің         
2003 жылғы 19 ақпандағы   
N 171 қаулысымен     
бекiтiлген     

Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиетiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер және қосымша оқу әдебиетiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
      1) заңды тұлға үшiн - редакциялық-баспа қызметiн көрсету рыногында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуын;
      жеке тұлға үшiн - редакциялық-баспа қызметiн көрсетуге мамандандырылған ұйымның басшысы немесе редакторы лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуын;
      2) ұлттық стандарттарға сәйкес келетiн полиграфиялық орындалған кiтап өнiмдерiн шығаруға мамандандырылған полиграфиялық базаның болуын;
      3) бiлiктi кадрлардың:
      білім беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, қосымша оқу әдебиетiн дайындау бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы бар редакторлардың;
      пәндiк бiлiмдер саласындағы мамандардың (ғылым докторы немесе кандидаты немесе кемiнде 3 жыл педагогикалық стажы бар жоғары санат мұғалiмiнiң);
      пәндердi оқыту әдiсi саласындағы мамандардың (педагогикалық ғылымның докторы немесе кандидаты немесе кемiнде 3 жылдық педагогикалық стажы бар жоғары санат мұғалiмiнiң) болуын қамтиды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      2. Бiлiм беру ұйымдары үшiн электрондық оқулықтар шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктілік талаптары:
      1) заңды тұлға үшiн - электронды басылымдар жасау бойынша қызмет көрсету рыногында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуын;
      жеке тұлға үшiн - электронды басылымдар жасау бойынша қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйымның басшысы, программист немесе редакторы лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуын;
      2) ұлттық стандарттарға сәйкес келетін электрондық оқулықтардың шығарылуын қамтамасыз ететiн компьютерлiк және ұйымдастыру техникасының болуын;
      3) бiлiктi кадрлардың:
      пәндердi оқыту әдiсi саласындағы мамандардың (педагогикалық ғылым докторы немесе кандидаты немесе кемiнде 3 жыл педагогикалық стажы бар жоғары санат мұғалiмiнiң);
      пәндiк бiлiмдер саласындағы мамандардың (ғылым докторы немесе кандидаты немесе кемiнде 3 жыл педагогикалық стажы бар жоғары санат мұғалiмiнiң);
      жоғары білiмдi программистердің;
      электронды оқулық дайындау бағытында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы бар редакторлардың болуын қамтиды.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады