Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Хорватия Республикасы Yкiметiнің арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсімдi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 19 ақпан N 175. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 сәуірдегі № 249 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.04.2021 № 249 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2002 жылғы 19 сәуiрде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Хорватия Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм осы келiсiмнің 10 және 12-баптарына қатысты ескертпелерiмен бiрге қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдаған шешiм туралы хорват тарабын хабардар етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2003 жылғы 19 ақпандағы
N 175 қаулысына
қосымша

2002 жылғы 19 сәуiрде Қазақстан Республикасының Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Хорватия Республикасы Yкiметінің арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмге Қазақстан Республикасы Yкiметінің
ескертпесi

      1. 2002 жылғы 19 сәуiрде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Хорватия Республикасы Үкiметiнің арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 10 және 12-баптарының ережелерi Қазақстан Республикасы үшiн Қазақстан Республикасы Дүниежүзiлiк Сауда ұйымына енген сәттен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Yкiметі мен Хорватия Республикасының Үкiметi арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы туралы келісiм

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Хорватия Республикасының Үкiметi (бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын),

      ұзақ мерзiмдi, тұрақты және тең құқықты негiздегi сауда-экономикалық ынтымақтастық екi жақты қатынастарды дамытуда маңызды және мiндеттi фактор болып табылатындығын тани отырып,

      екi елдiң экономикалық субъектiлерiнiң арасындағы байланыстарды дамыту мақсатында қолайлы жағдайлар туғызуға және өзара мүдделiлiк бiлдірiлген салаларда сауда-экономикалық ынтымақтастығына жәрдемдесуге ұмтыла отырып, сондай-ақ транзит еркiндiгi қағидатын сақтау мақсатында төмендегілер туралы келiстi:

1-бап Мақсат

      Осы Келiсiмнiң мақсаты Тараптардың мемлекеттерi арасында өзара сауда жүргiзу және экономикалық қатынастар үшiн қағидаттарды белгiлеу болып табылады.

      Тараптардың ұлттық заңнамаларына және халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес екi жақты сауда-экономикалық қатынастарды үйлесiмдi дамытуға Тараптар жәрдем көрсететiн болады.

2-бап Ұлтқа неғұрлым қолайлы режим

      1. Тараптар мыналарға қатысты барлық мәселелер бойынша Тарап мемлекеттердiң ұлттық заңнамаларына және мүдделерiне сәйкес бiр-бiрiне аса неғұрлым қолайлы режим ұсынады:

      а) мұндай баждар мен алымдарды өндiрiп алу тәсiлдерiн қоса алғанда, кеден баждары мен импортқа және экспортқа салынатын кез келген түрдегi алымдарға;

      б) кедендiк тазартуды, транзиттi, қоймаға жинауды және қайта тиеудi қоса алғанда, импортқа және экспортқа қатысты ережелер мен ресмилiктepгe;

      в) импортқа және импортталатын тауарларға қатысты тiкелей және жанама қолданылатын салықтарға және кез келген түрдегi басқа iшкi алымдарға;

      г) iшкi рынокта импортталатын тауарларды сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, бөлуге, қоймада жинауға және пайдалануға;

      д) төлемдерге, сауда тауарларына қатысты.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi Тараптар мемлекеттерiнiң әрқайсысы:

      а) шекара маңындағы сауданы жеңiлдету үшiн шектес елдерге;

      б) кеден одағына, еркiн сауда аймағына немесе аймақтық экономикалық ұйымға қатысу мақсатында.

3-бап Транзит

      1. Тараптар тауарлардың еркiн транзитi принципiнiң осы келiсiмнiң мақсаттарына қол жеткiзуде елеулi шарты болып табылатынымен келiсетiн болады.

      2. Әрбiр Тарап Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес басқа Тарап мемлекеттерiнiң аумағынан шығатын немесе басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына арналған тауарлардың өз мемлекетiнiң аумағы арқылы кедергiсiз транзитiн қамтамасыз етедi.

      Осы мақаланың редакциясы Қазақстан ДСҰ-ға кiргеннен кейiн өзгеруi мүмкiн.

4-бап Ұлттық режим

      Бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында өндiрiлген, басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына импортталған тауарларға басқа Тарап мемлекетiнiң аумағындағы айналымда қолайлылығы iшкi өндiрiстiң осындай тауарларына қолданылатыннан кем емес шарттар қолданылуы тиіс. Көрсетiлген шарттар соның iшiнде, iшкi салықтарды және басқа iшкi алымдарды, iшкi саудаға, сату, сатып алу, тасымалдау, тауарларды бөлу немесе пайдалану туралы ұсыныстарға қатысты барлық заңдар, ережелер мен талаптарды қамтиды.

5-бап Ырықтандыру

      Әрбiр Тарап Тараптар импорт тауарларын ырықтандыру деңгейiн барынша ұсынады. Ырықтандыру процесi Тараптар арасындағы сауданы дамытудың, рыноктағы жағдайлардың, Тараптар ұлттық заңнамаларындағы өзгерiстердiң негiзiнде есепке алынатын болады.

6-бап Шыққан елi

      Бiр Тарап мемлекетiнiң аумағына импортталатын тауарлардың шыққан елі әрбiр Тарап заңдары мен ережелерiне екi Тарап қатысатын халықаралық келiсiмдерге сәйкес айқындалатын болады.

7-бап Төлемдер

      1. Егер әрбiр Тараптар мемлекеттерінiң валюталық қатынастар саласын реттейтiн заңдар мен ережелерге сәйкес жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасында арнайы өзгеше келiсiлмеген болса, екi елдiң арасында тауарлармен және қызмет көрсетулермен сауда кезiнде төлемдер еркiн айырбасталатын валютада жүзеге асырылуы тиiс.

      2. Жеке мәмiлелерге қатысушы субъектiлерiне еркiн айырбасталатын валютаға қол жеткiзу және оның аударымы жөнiнде үшiншi мемлекеттiң субъектiлерiне жасалғаннан кем емес қолайлы режим жасалуы тиiс.

8-бап Экономикалық ынтымақтастық

      1. Тараптар екiжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ақпарат алмасуды көтермелейтiн болады.

      2. Тараптар:

      - жәрмеңкелер, көрмелер, конференциялар, жарнамалар, консультациялар және басқа да қызмет көрсету бизнесiн ұйымдастыруды және өткiзудi;

      - шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, өндiрушiлер ассоциацияларының, сауда палаталарының және Тараптар мемлекеттерiнiң басқа сауда ассоциацияларының арасындағы байланыстарды дамытуды;

      - бiрлескен экономикалық және өнеркәсiптiк, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiптiк қызмет, телекоммуникациялар, денсаулық сақтау, медициналық жабдықтар, бiлiм беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды қоса алғанда, өзара сауданы жақсартуға бағытталған шаралар арқылы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жәрдем көрсетуге келiседi.

9-бап Сауда өкiлдігі

      Тараптар өз ұлттық заңнамаға сәйкес Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында сауда өкiлдiктерiн ашуға құқылы.

10-бап Қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шаралар

      Тараптар ДСҰ тиiстi келiсiмдерi мен ережелеріне және Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес, Тараптар мемлекеттерi тауарларының импорты кезiнде қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шараларын қолданатын болады.

11-бап Жалпы ерекшелiктер

      Осы келiсiмде Тараптарға ұлттық қауiпсiздiк, қоғамдық мораль және қоғамдық тәртiп мүдделерiн, адамдардың өмiрi мен денсаулығын, жануарлар мен өсiмдiктердi, ұлттық игiлiктi құрайтын көркемдiк, сәулеттiк, тарихи құндылықтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылдауға ешнәрсе де кедергi жасамайды.

12-бап Санаткерлiк меншiк

      1. Санаткерлiк меншiктiң сауда және экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшiн маңыздылығын ескере келiп, ұлттық заңнамалық Тарап өнертапқыштық, өнеркәсiптiк үлгiлер, интегралдық шағын схемалар және ноу-хау ашылмаған ақпарат топографиясы саласындағы авторлық және сабақтас құқықтарды, тауарлық белгiлердi, географиялық көрсеткiштердi, патенттердi кемсiтусiз толық және тиiмдi қорғауды қамтамасыз етедi.

      2. Әсiресе, Тараптар 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Санаткерлiк меншiк құқықтарының (СМҚСА Келiсiмi) сауда аспектiлерi жөнiндегi ДСҰ келiсiмiнiң ережелерiне сай болуы үшiн шаралар қабылдайды.

      3. Бұдан әрi, Тараптар санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық конвенцияларға кiру үшiн барлық күш-жiгерлерiн жұмсайтын болады.

13-бап Стандарттар

      1. Әрбiр Тарап басқа Тараптың сұрау салуы бойынша стандарттарға қатысты шаралар жөнiнде ақпарат бередi.

      2. Тараптар саудадағы кедергiлердi азайту мақсатында стандарттау саласында ынтымақтастық жасайтын болады.

14-бап Бірлескен комиссия

      Тараптар осы Келiсiмдi iске асыруды жеңiлдету және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында қазақстан-хорват сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнiнде бiрлескен үкiметаралық комиссиясын құруға келiстi.

15-бап Ерекше жағдайлар

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн, осы Келiсiмнiң ажыратылмас бөлiгі болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

16-бап Күшіне енуi

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындауы туралы Тараптар бiр-бiрiн хабардар ететiн дипломатиялық арналар бойынша соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.

      Осы Келiсiм мерзiмi белгiленбей жасалады және Тараптардың бiрi оның қолданылуын тоқтатуға өз ниетi туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жiберген күнiнен бастап 6 ай өткенге дейiн күшiнде қалады.

      Астана қаласында 2002 жылғы 19 сәуірде әрқайсысы қазақ, хорват, ағылшын және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, мұның өзiнде барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер пайда болған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

Қазақстан Республикасының

Хорватия Республикасының

Үкiметi үшін

Үкiметi үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады