Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Хорватия Республикасының Yкiметiн Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 сәуірде Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасы Yкiметiнің арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы хабардар етсін.
2. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасы Үкіметінің арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 175 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |